Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет50/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60

Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Деклара­ция қабылдады. Бүл Декларацияда негізінен мына мэселелерге мэн берілді: KCPO мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика экімшілік-аумақтық қүры- лымға, саяси, экономикалық, элеуметтік жэне мэдени-үлттық қүрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ KCP заңдарын бүзатын KCPO заңдарының қолданылуын тоқтатуға қүқылы; Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сүғылмайды, бөлінбейді жэне оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесінің келісі- мінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің эскери қүрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дер­бес ішкі әскерін, мемлекеттік жэне қоғамдық қауіпсіздік органда- рын үстауға қүқылы. Қазақ KCP халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу жэне Қазақ KCP жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бап- та көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мүның өзі елдегі болып жат- қан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге ic жүзінде орталыққа оппо- зицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен жэне басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екіжақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика — Ресей, Украина, Белоруссия жэне Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын қүру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін тал- дап жасау жөніндегі бірлескен жүмыс басталды.

1991 ж. 18—21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бүл жүмысты үзіп жіберді. KCPO вице-президенті Г.И. Янаев, KCPO премьер- министр! B.C. Павлов, KCPO Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы B.A. Крючков, KCPO Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, KCPO Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, KCPO Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) қүрып, елдегі барлық билік осы үйымның қолына өтетіндігін мэлімдеді. Бүл ic жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде үйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған KCPO президенті М.С.Горбачевтың сыртқы элеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жара- майды деп хабарлады. Бүл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бүрынғыдан элдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын түншықтыру жэне нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әкімшіл- эміршіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен бүқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды жэне митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салын­ды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград об­лысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе жэне т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бүл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп үзамай ба- сылуына алып келді. Мәскеудегі жүртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген үшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері түтқынға алынып, үстерінен қылмыстық ic қозғалды.

Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен жэне орталық- тың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас респуб- ликалардың жетекшілері бүған дейін жүргізіп келген келіссөз та- лаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін жэне бүрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартия- сы тарихи аренадан кетті.

1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР жэне Украина республи- каларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мэлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ түйыққа тірелді, сондықтан республикалардыңОдақтаншығуыобъективтікпроцессжәнетәуелсіз жеке мемлекет қүру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық жэне саяси дағдарысқа алып келді, халықтың түрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, үлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мүның өзі бүрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүруға жол ашты. Бүл қүрылым бүрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме бере- ді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді жэне оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді,— деп атап көрсетілді.

Алайда, бүл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапы­нан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бүл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең қүқықтық негізінде қүрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.

1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең қүқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қүрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мэселелердің барлығы мақүлданды. Жаңадан қүрылған Достастық мемлекет басшылары жэне үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар қүрды. Онда жал­пы бағыттағы көкейтесті саяси жэне әлеуметтік-экономикалық мэселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшы­лары Біріккен ¥лттар ¥йымы алдында бүл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық үйымға толыққанды мүше етіп алу ту­ралы өтініш жасады. Сонымен қатар бүрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды жэне оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мой- ындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.

Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы жэне билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ KCP- ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мүндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның "Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару қүрылымын жетілдіру жэне Қазақ KCP Консти- туциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу тура­лы" Заңы бойынша берілді.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш рет респу­блика Президентін бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жа­салды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта қүрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті үйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен үйымдарды Қазақ KCP-i үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде түңғыш рет одан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров үшты.

1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республи­касы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республи­касы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутатта­ры "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, үлттық табы- сына жоғары иелік ету қүқы бар, тәуелсіз сыртқы жэне ішкі саяса­тын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық үлттарының азаматтары Қазақстанның біртүтас халқын қүрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі жэне мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табы- лады. Республика азаматтары өздерінің үлтына, үстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, элеуметтік жэне мүліктік жағдайына, шүғылданатын қызметіне, түрғылықты орны­на қарамастан бірдей қүқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте бо­лады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен аумақтық түтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін қүруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тэртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тэуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың жэне аудандардың басқару органдары- на реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мэселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы экімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жүмыс жүргізу, түрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, эртүрлі қоғамдық үйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүние- жүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі бо­лып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритапия жэне т.б. ipi-ipi мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық жэне консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Ал- матыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық жэне үлттық үйымдардың өкілдіктері жүмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық жэне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер түрды. Олар — елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің түтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көпүлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдала- ну. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер — Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан эрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай aca маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет