Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016



бет1/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Органикалық химия” пәнінен


050113 Биология мамандығына арналған


ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ


2-ші бөлім


1-ші кредит

ШЫМКЕНТ- 2016

1 Лекция Органикалық химия пәні


А. Бутлеровтың органикалық қосылыстардыңхимиялық құрылыс теориясы. Органикалық қосылыстардың изомериясы.
Кеңістік изомерлер туралы түсінік

Органикалық химия ғылымның жеке саласы болып ХIX ғасырдың басында, яғни тірі ағзалар мен өсімдіктердің құрамында көмірьек болатыны анықталғаннан кейік өз алдына бөлінді. Органикалык химия тек бір элементтің – көміртектің қосылыстарының (көміртек оксидтерінен, көмір қышқылы мен оның тұздарынан басқаларын ) зерттейді . Органикалық химия – көмірсутектердің және олардың туындыларының химиясы.


Қазіргі кезде он миллионнан астам органикалық қосылыстар белгілі және оның саны күн санап өсіп келеді.
Органикалық химия көміртек қосылыстарының құрылыстарын, қасиеттерін, алыну жолдарын зерттейді . Көміртек қосылыстарын органикалық заттар (қосылыстар) дейді.
Органикалық заттардың құрамына көміртектен басқа сутек, оттек , азот, ал кейбіреулерінің құрамына күкірт, фосфор галогендер, металдар және т.б. кіреді.
Органикалық заттар табиғатта өсімдіктер мен жануарлар организімдерінің құрамды бөлігі (көмірсулар, майлар , ақуыздар т. б. ) болып кіреді, отындар , мұнайлар, газдар түрінде кездеседі.
Қазіргі органикалық химияның негіздерін қалауда орыс ғылымдарының еңбегі мол. . А.Бутлеров 1861 жылы органикалық қосылыстардың құрамы туралы теорияны жасады. 1869 жылы Д.И.Менделеев ашқан элементтердің периодтық заңы химия тарихында теңдеуі жоқ ұлы жаңалық. Н.Д.Зелинский еліміздегі органикалық химия мектебінің іргетасын қалады. Ал академик А.Е.Арбузов фосфор-органикалық химияны ашып дамытты, сондай-ақ көптеген дәрі-дәрмектер мен ауыл шаруашылығыга қажетті препараттар тапты.
Қазіргі кезде табиғатта кездесетін органикалық заттармен қатар, табиғатта кездеспейтін өте көптеген органикалық заттар синтездік жолмен алынып отыр. Оларға пластмассалар, әр түрлі каучуктер, бояғыш заттар, қопарғыш заттар, дәрі-дәрмектер жатады. Осы кезде кейбір қарапайым ақуызды заттарды (гормондар, ферменттер) синтездеу іске асырылып отыр.
Келешекте органикалық химияның және басқа ғылымдардың ( био-химияның, физиологияның ) жетістіктері күрделі ақуыздар синтездеуге, соның нәтижесінде табиғаттың құпиясы болып келген жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы мәселені, ойлау механизмін түсінуге көмектеседі. Мұндай жетістіктің зор ғылыми және практикалық маңызы бар .
Органикалық химияның жетістіктері халық шаруашылығыныңда кеңінен қолданылады. Халық шаруашылығының барлық салалары органикалық химиямен тығыз байланысты. Өнеркәсіпте органикалық шикі заттарды өндеу арқылы алынған өнімдер, синтетикалық жолмен жасалған органикалық заттар өнеркәсіптің басқа салаларында, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста көп мөлшерде қолданады .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет