Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016


Органикалық қосылыстардың сандық талдау



бет7/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Органикалық қосылыстардың сандық талдауМолекула құрамына кіретін элементтерді анықтағаннан кейін олардың өзара сан мөлшеріндегі қатынасын анықтауға болады.
Сандық талдауды жүргізгенде жандыру үшін өлшенген зерттелетін затты, ішінде мыс тотығы бар түтікке салады да 600-800 0С- қа дейін қыздырады. Ішіндегісін жандыруға арналған түтікшені, ішінде құрғатқышы бар (магний перхлораты) екішні түтік – ішінде күшті негіз (күйдіргіш натрмен қанықтырылған асбест) бар түтіктермен жалғайды. Сонда түзілген су құрғатпышпен сініріледі, ал көмір қышқыл газы – негізбен сіңіріледі. Әр түтікті бөлек-бөлек өлшеп, түзілген қосылыстардың шамасын анықтайды.
Күкірт пен галогендерді сандық талдау үшін екеуінде иондарға (сульфат-ион және галоген-ион) айналдырады, сапалық талдаудағы сияқты.
Ары қарай, органикалық қосылысты: натрий асқын тотығы бар және азот қышқылы бар түтіктерді қыздырады (Кариус әдісі). Осылайша түзілген иондарды: галогенді - күміс галогенидіне, сульфатты – күкірт қышқылының тұзына айналдырады да өлшейді.
Кьельдаль әдісі бойынша органикалық қосылысты (азоты бар) концентрлі азот қышқылымен қыздырады, осының нәтижесінде азот аммоний сульфатына айналады. Түзілген ерітіндіні сілтімен әрекеттестірсе аммиак бөлінеді. Бөлінген аммиакты айдап, оның шамасын стандартты қышқылмен титрлеп анықтайды.
Дюма әдісі бойынша органикалық қосылысты кезекпен, әуелі ішінде қыздырған мыс тотығы бар түтік арқылы, сосын ішінде қыздырылған спираль түрінде метадлық мысы бар түтік арқылы жібереді. Мыс тотығы қосылысты тотықтырып, құрамындағы азотты азот молекуласына айналдырады. Процесс кезінде азот тотығы болса оны металдық мыс тотықсыздандырып, қосымша тағы да азот түзіледі. Оны жинап көлемін анықтайды.


Спектрометрия.
Органикалық қосылыстардың құрылымын анықтайтын физикалық әдістерден спектроскопия (көрінетін, ультракүлгін, ифрақызыл және комбинациялық шашырау), масс-спектрометрия, диполь моменттерін анық-тау, ядромагниттік резонанс және басқалар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет