Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Астана-бас қала



бет5/12
Дата19.02.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11051
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4. Үйге тапсырма: №7 тап.дәптерге орында,60-64 бет әңгімелеу,мазмұндау.

5.Бағалау мақтау,мадақтау.



Күні: 24. 09.2012 ж

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Абай «Шегірке мен құмырсқа»

Мақсаты мен міндеттер: мысалды оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік:шегіртке мен құмырсқа туралы айту.Абай Құнанбаев туралы қысқаша түсінік беру.Өлеңді түсініп оқу, мәнерлеп оқу,рөлге бөліп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мысалды талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: күз суреттері, шегірке мен құмырсқа суреттері.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау;

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру:

Берілген мәтіндерді әңгімелеу, дәптердегі тапсырмаларды тексеру.



3.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Суретте қандай жәндіктерді көріп тұрмыз? Оларды сипатта.

Бүгін Абайдың «Шегірке мен құмырсқа» И. Крыловтан аударылған мысалымен танысамыз. Мысал деген не? Кәне еске түсірейік. Абай туралы не білесіңдер?



Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақтың ұлы ақыны , аудармашы.

.Оқулық бойынша жұмыс 65-66 бет «Шегірке мен құмырсқа»



үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • мысалда не туралы айтылған?

  • мысалдағы жасыл түспен ерекшеленген сөздерді оқы, олар неге қатысты айтылған? Неге олар жасыл түсті?

  • Жасыл түспен боялған сөздерді екі топқа бөл: 1) жаз мезгіліндегі шегіртке, 2) қыс мезгіліндегі шегіртке.

  • рөлге бөліп оқу

4. Сергіту сәті:

5. Жаңа білімді бекіту: Мәтінге сүйеніп салыстыра сипатта

-құмырсқа киімі қандай?Шегірткенің ше?

-Шегіртке неліктен жылап тұр деп ойлайсың?

-Сен құмырсқаның орнында болсаң,не істер едің?

-құмырсқа мен шегірткегенің іс-әрекетін сипаттайтындай мақал-мәтел жинастыр.

6. Үйге тапсырма: 65-66 бет,рөлге бөліп оқу , 67 бет №8 тапсырма

7. Мақтау, мадақтау арқылы бағалау.

Күні: 26.09.2012 ж

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы:Егінші мен қасқыр. ( литва ертегісі).

Мақсаты мен міндеттер: ертегіні оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: тағамдар суреттері, қасқыр суреттері.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау;

Сабақ барысы:

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру:

«Шегірке мен құмырсқа» И. Крыловтан аударылған мысалын рөлге бөліп оқыту. Мысал деген не?Абай Құнанбаев(1845-1904) қазақтың ұлы ақыны аудармашы Берілген мәтіндерді әңгімелеу, дәптердегі тапсырмаларды тексеру.



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Суретте қандай тағамдар түрлерін көріп тұрмыз? Оларды сипатта.

-Бұл тағамдар дастарханға қалай келетіні туралы әңгімелеу.

тұқым себу жер өңдеу жайқалған егін

жер жырту егін жинау



3.Оқулық бойынша жұмыс 68-69 бет «Егінші мен қасқыр» ертегі

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)



  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

ертегіде не туралы айтылған?

-ертегіні рөлге бөліп оқыту.



4.Сергіту сәті:

5.Дәптермен жұмыс: нан түрлерін жазу,суреттерін салу.

6. Жаңа білімді бекіту: -дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? -нан ендеше нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?ереже құрастыр.

Нанды құрметтеу ережесі



7. Үйге тапсырма: 68-69 бет әңгімеле,70 бет №7 тапсырма

Күні: 27.09.2012 ж

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Ғ. Қайырбеков «Комбайншы»

Мақсаты мен міндеттер: өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:өлеңді,мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: егістік, комбайн, комбайншы суреттері..

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау;

Сабақ барысы:

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру:

Берілген мәтіндерді рөлге бөліп оқу, дәптердегі тапсырманы тексеру.



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Жұмбақ шеш:

Болат пышақ

Тұрмас жерге бойламай,

Күміске ұқсап



Жарқылдайды айнадай. (соқа)

ең қасиетті тағам

комбайншы

Оқулық бойынша жұмыс 70- бет «Комбайншы».

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет