Сабақ Қазақ әдебиеті Тақырыбы Ы. Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық Мектеп: Бейнеу ауданы Бейнеу селосы



бет12/13
Дата12.09.2020
өлшемі172,95 Kb.
#78133
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
АТЫМТАЙ ЖОМАРТ
Мен Гүлайым Жүнісханқызы 2017
«Құнды пікір» әдісі

Білім алушы әрекеті: Білім алушы сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады.

Ойлау дағдысының деңгейі: бағалау

Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып,бағалайды.

Тапсырма:

  • Жомарттық әлемді өзгерте ме?

  • Қазіргі қоғамда Атымтай Жомарт кездесе ме? Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай деп ойлайсыз?Кейіпкермен салыстырыңыз.

  • Кейіпкердің орнында болсаң, сен не істер едің? «Егер мен бай болсам....» ойды жалғастырып айтыңыз.

Білім алушының ойлау қабілетінің эмоциялық жағына әсер ету үшін бағалаушы сұрақтарды тиімді қолданамын,өйткені жаңа ақпарат білім алушының ішкі дүниесіндегі жағымды ассоциациялармен байланысты болса, ақпаратты тез қабылдайды.

Дескриптор:

1 . Сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды.

2. Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

3. Өмірден мысал келтіріп,өз ойын дәлелдейді.

3. Шығармадағы көтерілген мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттыңыз»»






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет