Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет3/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Қатынас. Берілген сандарды қатынасқа бөлу

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың жай бөлшек туралы түсініктерін естеріне түсіре отырып, не себепті қатынас туралы білімдерін дамыту мақсатында оған берілген тапсырмаларды шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын шыңдау, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей қатынасқа берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ жауап

1) Қатынас дегеніміз не?

2) Қатынасты бөлшек түрінде жазу қалай аталады?

3) Қатынасқа кері қатынасты қалай жазамыз?

4) Қатынасты процентпен қалай жазамыз?

5) Берілген шаманы қатынаста бөлу қалай орындалады?


Оқушылар сұраққа жауап бере отырып білімдерін тексереді, толықтырады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№45 Ұзындығы 12см-ге тең АВ кесіндісін С нүктесі ұзындықтарының қатынасы 3:1 қатынасындай АС және СВ кесінділеріне бөледі. Бөлінген әр кесіндінің ұзындығы неге тең?

№46 Қарлығаштың 18 м\с жылдамдықпен, бүркіт 36м\с жылдамдықпен ұшады. 1) бүркіттің ұшу жылдамдығы қарлығаштың ұщу жылдамдығынан қанша көп? 2) бүркіттің ұшу жылдамдығы қарлығаштың ұщу жылдамдығынан неше есе көп? 3) қарлығаштың ұшу жылдамдығы бүркіттің ұшу жылдамдығының қандай бөлігін құрайды?

№48 Мыс пен мырыштан дайындалған құйманың массасы 720г. Құйма құрамындағы мыстың массасының мырыш массамына қатынасы 7:5 қатынасындай. Құйма құрамындағы неше грамм мыс, неше грамм мырыш бар?

№49 Гүлзарға егілген 90 раушан гүлдерінің 72-сі гүлдеді. Гүлзарға егілген раушан гүлдері тұқымының шығымдылығы неше процентті құрайды?

№50 1) Тік төртбұрыштың периметрі 24см. Оның қабырғаларының қатынасы 3:5 қатынасындай. Тік төртбұрыштың әр қабырғасының ұзындығын табыңдар; 2) Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі 360см3. Оның қабырғаларының қатынасы 3:4:5 қатынасындай. Әр қабырғасының ұзындығын табыңдар.


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§1 №47, 51

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың жай бөлшек туралы түсініктерін естеріне түсіре отырып, қатынас туралы білімдерін дамыту мақсатында пропорция туралы мәлімет беру, оған берілген тапсырмаларды шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын шыңдау, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей пропорция мен оның негізгі қасиетіне берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс



Топтық жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау

Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады. Мысалы: яғни қатынастың негізгі қасиетіне сүйенсек екі мүшеге де бірдей санды көбейтсе немесе бөлсе қатынасқа тең қатынас шығады делінген. Пропорцияның жалпы түрі: немесе мұндағы a мен d – шеткі мүшелері, ал b мен c – ортаңғы мүшелері. Шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең болады. Бұдан шығатын қорытынды: пропорциясында a*d=b*c; Бұл пропорцияның негізгі қасиеті. Осы негізгі қасиетті пайдалана отырып, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға болады.

Мысалы: берілсін. Пропорцияның негізгі қасиеті бойынша x=4; демек белгісіз мүшесі 4-ке тең.



Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетінше білім алуға тырысады, есте сақтайды, тиімді қолдану дағдыларын шыңдайды

Оқулықпен жұмыс

№78 Қатынастардан пропорция құрыңдар:

1) 16-ның 20-ға қатынасы 8-дің 10-ға қатынасына тең;

2) 4,2-нің 6-ға қатынасы 1,4-тің 2-ге қатынасына тең;

3) 1,5-тің 3,5-ке қатынасы 6-ның 14-ке қатынасына тең;

4) 3\4-тің 6-ға қатынасы 1\2-нің 4-ке қатынасына тең;

№79 Қатынастардан пропорция құрастыр:



№80 14:21; 8:14; 15:10; 27:18;

18:20; 36:54; 20:35; 6:8 қатынастарының қайсысынан пропорция құруға болады?

№81 4,6,8,14,28,42 сандарынан пропорциялар құрыңдар.

№85 пропорцияның белгісіз мүшесін тап:

1) х:20=2:5; 3) х:18=2:3; 5) 5:9=15:х;

2) х:18=7:9; 4) 6:х=3:7; 6) 12:7=60:х;


Жеке ойланып, жұппен, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§2 оқу, есте сақтау. №82,83,84,86 есептерін шығару

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Шамалардың тура және кері пропорционалдығы

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың пропорция туралы білімдерін дамыту мақсатында шамалардың тура және кері пропорционалдығы туралы мәлімет беру, оған берілген тапсырмаларды шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын шыңдау, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей шамалардың тура және кері пропорционалдығы тақырыбына берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау

Өзара байланысты шамалардың бірінің мәні өзгерсе, екіншісінің де мәні өзгеретіні анық. Осы шамалардың бірінің мәні артса (кемісе) екіншісінің мәні керісінше артуы (кемуі) жағдайларын қарастырайық.

Шамалардың тура пропорционалдығы:

Егер қандай да бір шама бірнешеге артса немесе кемісе, онда екінші шама да соншаға артып немесе кемитін шамаларды тура пропорционал шамалар деп атаймыз.



Мысалы: заттың 1кг бағасы 50т делік. Дәл осындай 3кг, 5кг, 7кг, 10кг заттың бағасы қалай өзгереді? Ш: пропорцияның белгісіз мүшесін табу ережесі бойынша:



3кг-150тг.

5кг-250тг.

7кг-350тг.

10кг-500тг.

Бұдан шығатын қорытынды: бір шама өскен сайын екінші шама да өсіп жатыр. Мұны кестемен көрсетсек:



Масса

1

3

5

7

10

Құны

50

150

250

350

500

Бұдан шамалардың тура пропорц-ның қасиеті шағады: Егер екі шама тура пропорц.болса, бірінші шаманың кез келген екі мәнінің қатынасы екінші шаманың екі мәнінің қатынасына тең болады.

Шамалардың кері пропорционалдығы:

Егер қандай да бір шама бірнешеге артса немесе кемісе, онда екінші шама соншаға керісінше кеміп немесе артатын шамаларды кері пропорционал шамалар деп атаймыз.



Мысалы: 6жұмысшы тапсырманы бірігіп 180 сағатта орындайды. Осы тапсырманы 12, 18, 24 жұмысшы неше сағатта орындар еді?

Ш: егер осы тапсырманы 1жұмысшы орындаса неше сағатта орындар еді: 180*6=1080сағ.

1) 12 жұмысшы: 1080:12=90;

2) 18 жұмысшы: 1080:18=60;

3) 24 жұмысшы: 1080:24=45;

4) 30 жұмысшы: 1080:30=36 сағ. орындайды.

Бұдан шығатын қорытынды: бір шама өскен сайын екінші шама кеміп жатыр.



Жұмысшы

6

12

18

24

30

Уақыт

180

90

60

45

36

Бұдан шамалардың тура пропорц-ның қасиеті шағады: Егер екі шама кері пропорц.болса, бірінші шаманың кез келген екі мәнінің қатынасына екінші шаманың екі мәнінің қатынасы кері қатынас болады.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетінше білім алуға тырысады, есте сақтайды, тиімді қолдану дағдыларын шыңдайды

Оқулықпен жұмыс

№121,122,123,172,173

Жеке ойланып, жұппен, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар


Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет