Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет32/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




Күні







Сабақтың тақырыбы

Осьтік және центрлік симметрия

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға симетрия ұғымы, осьтік және центрлік симметрия туралы түсінік беру, оларды ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей симметрияларға есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау мәтінмен жұмыс

Симметрия – кейбір денелердің, заттардың бөліктерінің өзара ұқсастығы, үйлесімділігі.

«Симметрия» - грек сөзінен алынған, «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемді, белгілі бір реттіікпен орналасқан деген мағынаны білдіреді. Симметрия әр түрлі болады. Оның ең қарапайым түрі-түзуге қатысты симметрия. Мысалы: Қандай да бір түзудің екі жағында орналасқан екі фигураның өзара симметриялығы. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Кез келген фигура нүктеден құралатындықтан түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды қарастырайық. Ол үшін:

1) түзу сызып, одан тыс жатқан қандай да бір нүктені аламыз;

2) осы нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру керек;

3) осы перпендикулярдың созындысына түзудегі нүктеден бастап, ұзындығы алдыңғы перпендикулярдың ұзындығына тең перпендикуляр салу керек. Симметриялы нүктелер бірдей жазылады, тек екіншісінің төменгі оң жақ шетіне цифр-индекс қойылып жазылады. Мысалы: А нүктесі А1 нүктесіне түзуге қатысты симметриялы.

Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигуралар осьтік симметриялы фигуралар деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.

Осьтік симметриялы фигураларға – бұрыш, тік төртбұрыш, квадрат (шаршы), шеңбер.

Тік төртбұрыштың екі, квадраттың төрт, шеңбердің шексіз көп симетрия осьтері болады. Симметрияның екінші түрі: нүктеге қатысты симметрия. Мысалы: АВ кесіндісінің О нүктесіне қатысты симметриясын салуды қарастырайық. Ол үшін: 1) АВ кесіндісін О нүктесімен қосып, соның ұзындығына тең А1В1 кесіндісін салуымыз керек; 2) осы АВ кесіндісін 1800-қа айналдырса жеткілікті.

О нүктесіне қатысты центрі радиуссы А1О1 шеңберіне симметриялы шеңбер салайық. Ол үшін: 1) берілген шеңбердің О1 нүктесінен О нүктесіне қатысты симметриялы О2 нүктесін саламыз; 2) шеңбердің радиусы А1О1 кесіндісіне О нүктесіне қатысты А2О2 кесіндісін салу керек; 3) центрі О2, радиусы А2О2 болатын шеңбер сызу керек.



Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады.

Центрлік симметриялы фигуралар: шеңбер, кесінді, тік төртбұрыш. Тік төртбұрыштың симметриясы қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді диагональ деп аталатын кесіндінің қиылысу нүктесі.



Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетінше білім алуға тырысады, білімін толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

§37,38 А нұсқасының тапсырмалары №1169,1170,1171,1172,1173,1195,1196

Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §37,38 №1174,1200


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия




Күні







Сабақтың тақырыбы

Осьтік және центрлік симметрияларға есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға симметрия ұғымы, осьтік және центрлік симметрияға қатысты есептер шығару, оларды ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей симметрияларға есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Ыстық орындық» әдісі

1) Симметрия сөзі нені білдіреді?

2) Симметриялы фигураларға мысал келтіріңдер.

3) Осьтік симметрия дегеніміз не?

4) Центрлік симметрия дегеніміз не?

5) осьтік пен центрлік симметрияның айырмашылығы неде?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін тексереді, толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№1197 Ұзындығы 8см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін табыңдар. Симметрия центрі АВ кесіндісін қандай кесінділерге бөледі? Оларды ұзындықтарымен жазыңдар.

№1198 189-суретті дәптерге көшіріп сызып:

1) О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы А1В1С1 үшбұрышын салыңдар; 2) О1 нүктесіне қатысты EFLN төртбұрышына симметриялы E1F1L1N1 төртбұрышын салыңдар.

№1199 Коорд.түзуде А(2) нүктесін белгілеңдер. А нүктесіне қатысты симметриялы болатын нүктелердің екі кез келген жұбын белгілеңдер. Оларды координаталарымен жазыңдар.

№1178 а түзуіне қатысты АВ кесіндісіне А1В1 кесіндісі симметриялы. А түзуін сызыңдар. Мұндағы : 1) АВ‖А1В1; 2) АВ┴А1В1.

№1179 174-суреттегі фигураларға с түзуіне қатысты симметриялы фигураларды сызыңдар.

№1180 АВ және CD түзулері О нүктесінде қиылысады. с түзуі – AOD және COB вертикаль бұрыштарының симметрия осі. Е нүктесі с түзуінің бойындағы нүкте. Егер <СОЕ=350 болса, AOD бұрышының градустық өлшемдері неге тең?

№1181 Коорд.жазықтықта ұштары А(-5;2) және В(-2;7) болатын АВ кесіндісін сызыңдар. АВ кесіндісіне ординаталар осіне қатысты симметриялы болатын А1В1 кесіндісін, абсциссалар осіне қатысты А2В2 кесіндісін салыңдар. Осы нүктелерді координаталарымен жазыңдар.

№1182 АВС тең қабырғалы үшбұрышының В төбесі арқылы өтетін симметрия осі оның А төбесінен 3см қашықтықта. АВС тең қабырғалы үшбұрышының периметрін табыңдар.

№1183 l және k түзулері ABCD тік төртбұрышының симметрия осьтері. ABCD тік төртбұрышының А төбесінің l симметрия осінен қашықтығы 3см, k симметрия осінен 2см. ABCD тік төртбұрышының: 1) периметрін табыңдар; 2) ауданын табыңдар; 3) AFOE тік төртбұрышының ауданын табыңдар.



Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §37,38 №1186,1203


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Осьтік және центрлік симметрияларға есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға симметрия ұғымы, осьтік және центрлік симметрияға қатысты есептер шығару, оларды ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей симметрияларға есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Ыстық орындық» әдісі

1) Симметрия сөзі нені білдіреді?

2) Симметриялы фигураларға мысал келтіріңдер.

3) Осьтік симметрия дегеніміз не?

4) Центрлік симметрия дегеніміз не?

5) осьтік пен центрлік симметрияның айырмашылығы неде?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін тексереді, толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№1187 Коорд.жазықтықтағы АВСД тік төртбұрышының А(-2;1) төбесі Д төбесіне,

В(-2;5) төбесі С төбесіне ординаталар осіне қатысты симметриялы. АВСД тік төртбұрышының симметрия осьтерінің қиылысу нүктесі болып табылатын Е нүктесінің координатасын табыңдар.

№1188 АВС тең бүйірлі үшбұрышының В төбесі арқылы өтетін k түзуі оның симметрия осі. А төбесінің симметрия осінен қашықтығы 3,5см. ВС қабырғасының ұзындығы 9см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.

№1189 Бүйір қабырғасы АВ=3см тең бүйірлі АВС үшбұрышын k түзуіне қатысты симметриясын көшіріп, пайда болған АВСВ1 фигурасының периметрін табыңдар.

№1204 Координаталар басы О ннүктесіне қатысты А,В,С,D,E,F нүктелерінің симметрия нүктелерін тауып, оларды координаталарымен жазыңдар.

№1205 Коорд.түзудегі: 1) А(-5) және В(3) нүктелері Е нүктесіне қатысты симметриялы. Е нүктесін тауып, оны координатасымен жазыңдар; 2) А(-1) және В нүктелері Е(3) нүктесіне қатысты симметриялы. В нүктесін тауып, оны координатасымен жазыңдар.

№1206 192-суретті дәптерге көшіріп алып: 1) АВСД квадратына оның Д төбесіне қатысты симметриялы квадратты салыңдар; 2) EFKN тік төртбұрышына О нүктесіне қатысты симметриялы тік төртбұрыш салыңдар. О нүктесі EN кесіндісінің симметрия центрі.

№1207 Координаталар басы О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрыш салып, оның төбелерін координаталарымен жазыңдар. (193-сурет бойынша).



Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §37,38 №1190,1207


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың

тақырыбы

Бақылау жұмысы. (ІІІ тоқсан)

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Жалпы мақсаты



Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, координаталық жазықтық тарауларының тақырыптары бойынша жазба жұмысындағы есептерді шығару арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың бақылау жұмысының есептерін шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Берілген ережелерді есеп шығаруда тиімді қолдана біледі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Тапсырмалар

6 сынып математика әдістемесінде берілген бақылау жұмыстарының нұсқалары

Өз бетінше жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: Теңдеулердің түбірін табыңдар

а) 7х-(3+2х)=х+9;

ә) 3(х+5)=7-5х;



а) 3х-(10-9х)=22х;

ә) 3(2х-9)=5(х-4);



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

2тапсырма:

теңсіздіктерді қос теңсіздікпен жазыңдар



а) 5<7 және 7≤11;

ә) 0,2≥-9 және -9≥-17



а) -1>-5 және 0>-1;

ә) 9≤19 және 19<23;



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

3тапсырма: Сан аралықтарын коорд.түзуде кескіндеп, олардың ∩менU жазыңдар

а) (-8;6] және [-5;8];

ә) (-4;+∞) және (-5;0]



а) [-9;3) және (-8;5];

ә) [-4;3] және (-∞;1];



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

4тапсырма: Мәтінді есеп

АВ түзуіне С нүктесінен СD перпендикуляры түсірілген. Егер 0 болса, EDC және ADE бұрыштарын табыңдар

k, l және n түзулері өзара параллель, s – қиюшы түзу. Егер <5=750 және <3=350 болса, <1, <2, <4, <6-ның градустық өлшемдерін табыңдар

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

5тапсырма: Мәтінді есеп

Коорд.жазықтықтағы ABCD тік төртбұр-ың үш төбесінің коод-ры А(-3;2), В(-3;-2), С(1;2) болса, D=?

Көлемі 3см3 болатын майдың массасы 7,5г. Майдың берілген көлемі бойынша 2см3; 3см3; 5см3; 7см3 болғанда массасының өзгерісін графикте кескіндеңдер




Оқуға арналған қос.тапсырмалар

§26-31 оқу, ережелерді жаттау, есте сақтау

ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау

Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет