Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет33/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысын пысықтау, қатемен жұмыс


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Жалпы мақсаты



Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, координаталық жазықтық тарауларының тақырыптары бойынша жазба жұмысындағы есептерде жіберген қателерін түзетіп, өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың бақылау жұмысының есептерін шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Берілген ережелерді есеп шығаруда тиімді қолдана біледі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Тапсырмалар

6 сынып математика әдістемесінде берілген бақылау жұмыстарының нұсқалары

Өз бетінше жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: Теңдеулердің түбірін табыңдар

а) 7х-(3+2х)=х+9;

ә) 3(х+5)=7-5х;



а) 3х-(10-9х)=22х;

ә) 3(2х-9)=5(х-4);



Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, нақтылайды

2тапсырма:

теңсіздіктерді қос теңсіздікпен жазыңдар



а) 5<7 және 7≤11;

ә) 0,2≥-9 және -9≥-17



а) -1>-5 және 0>-1;

ә) 9≤19 және 19<23;



Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, нақтылайды

3тапсырма: Сан аралықтарын коорд.түзуде кескіндеп, олардың Uжәне ∩ жазыңдар

а) (-8;6] және [-5;8];

ә) (-4;+∞) және (-5;0]



а) [-9;3) және (-8;5];

ә) [-4;3] және (-∞;1];



Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

4тапсырма: Мәтінді есеп

АВ түзуіне С нүктесінен СD перпендикуляры түсірілген. Егер 0 болса, EDC және ADE бұрыштарын табыңдар

k, l және n түзулері өзара параллель, s – қиюшы түзу. Егер <5=750 және <3=350 болса, <1, <2, <4, <6-ның градустық өлшемдерін табыңдар

Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімін нақтылайды

5тапсырма: Мәтінді есеп

Коорд.жазықтықтағы ABCD тік төртбұр-ың үш төбесінің коод-ры А(-3;2), В(-3;-2), С(1;2) болса, D=?

Көлемі 3см3 болатын майдың массасы 7,5г. Майдың берілген көлемі бойынша 2см3; 3см3; 5см3; 7см3 болғанда массасының өзгерісін графикте кескіндеңдер

Оқушылар жіберген қателері төңірегінде жұмыс жасап, білімдерін нақтылауға мүмкіндік алады

Оқуға арналған қос.тапсырмалар

§21-24 оқу, ережелерді жаттау, есте сақтау

ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау




Күні







Сабақтың тақырыбы

Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы, оларды ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуына есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Ыстық орындық» әдісі

1) Функция дегеніміз не?

2) Функцияны кестемен беру қалай орындалады?

3) Функцияны графикпен қалай беріледі?

4) Сызықтық функция дегеніміз қандай функция?

5) Сызықтық функцияның графигі қалай орналасады?

6) Сызықтық функцияның дербес түрін тұжырымдаңдар?



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін тексереді, толықтырады, дамытады

Ой толғау мәтінмен жұмыс

Екі сызықтық функцияның графиктері бір коорд.жүйеде салынса олар екі түрде орналасады: қиылысады немесе параллель орналасады.

І. Егер сызықтық функцияның графиктері болатын түзулердің бұр.коэф. әр түрлі болса, олар өзара қиылысады.

(сызықтық функцияда k=бұрыштық коэф.)

Мысалы: y=2x+4 және y=0,5x-2 сызықтық функцияларының графиктерін салып көрейік. Ол үшін екі функцияны теңестіріп, ондағы х-ті табамыз.

2х+4=0,5х-2; 2х-0,5х=-2-4; 1,5х=-6; х=-4;

Осы х-тің мәнін әр функцияға қойып у-ті табамыз. 1) у=-4; 2) у=-4. Яғни, х=-4 болғанда екі функцияда да у=-4 болды. Демек бұл функциялардың графиктері қиылысады. Мұндағы әр функцияның бұр.коэф. әртүрлі.

ІІ. Егер сызықтық функцияның графиктері болатын түзулердің бұр.коэф. бірдей болса, олар өзара параллель орналасады.

Мысалы: у=2х+1 және у=2х+5 функцияларының графиктерінің параллель болып ораналасатындығын көрейік. Ол үшін екі функциян теңестіріп, х-ті табамыз.

2х+1=2х+5; 2х-2х=5-1; 0х=4; теңдеудің түбірі болмайды. Демек бұл функциялар параллель орналасады.


Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетінше білім алуға тырысады, толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№1389 Графигі:

1) у=2х+1; 3) у=4х+8; 5) у=6х-3;

2) у=-3х+9; 4) у=-0,5х+6; 6) у=1,5х-2 функциясының графигіне параллель болатын y=kx функциясын формуламен жазыңдар. Олардың графиктерін бір коорд.жүйеде кескіндеп, олардың параллельдігін тексеріңдер

№1390 Функция графиктерінің қиылысуы В нүктесінің координаталарын тауып, графиктерін салып, тексеріңдер.

1) у=5х-3 және у=3х+1;

2) у=-4х+3 және у=1\2х+3;

3) у=-2х-10 және у=-х-7;

4) у=0,5х+4 және у=2х+4;

№1391 Сызықтық функцияның формуласындағы жұлдызшаның орнына олардың графиктері параллель болатындай сандарды қойып жазыңдар:

1) у=4х-5 және у=*х-7;

2) у=*х+3 және у=х-2;

3) у=7х-6 және у=*х-3;

4) у=*х-2 және у=0,8х+4; графиктерін салып, параллельдігін тексеріңдер

№1392 функциялар формулаларымен берілген: у=2х+1; у=х+7; у=2х-3. Графиктері:

1) у=2х-1 функциясының графигіне параллель болатын функцияларды жазып, графиктерін салыңдар;

2) у=х+3 функциясының графигімен қиылысатын функцияларды жазып, графиктетін салыңдар. Қиылысу нүктесін координасымен жазыңдар.



Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§45 №1393

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия




Күні







Сабақтың тақырыбы

Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы тақырыбына есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы, оларды ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуына есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Ыстық орындық» әдісі

1) Функция дегеніміз не?

2) Функцияны кестемен беру қалай орындалады?

3) Функцияны графикпен қалай беріледі?

4) Сызықтық функция дегеніміз қандай функция?

5) Сызықтық функцияның графигі қалай орналасады?

6) Сызықтық функцияның дербес түрін тұжырымдаңдар?

7) Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы неше жағдайда кездеседі?

8) Сызықтық функция графиктері қай кезде қиылысады?

9) Сызықтық функция графиктері қай кезде параллель орналасады?


Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өз білімдерін өздері тексереді, толықтырады, нақтылайды

Тапсырмалар

№1396 Мына функциялардың графиктерін бір коорд.жазықтықта салыңдар: у=4х+5; у=4х-6; у=4х.

1) Түзулердің әрқайсысының бұрыштық коэффициенттері неге тең?

2) Түзулер өзара қалай орналасқан?

№1397 Берілген функцилардың графиктерін бір коорд.жазықтықта салып, қиылысу А нүктесінің координаталарын табыңдар

1) у=-4\3х+8 және у=2\3х+2;

2) у=-2х-4 және у=х+5;

3) у=-3\2х+6 және у=1\2х+2;

4) у=1\4х-1 және у=-х-6;

№1398 250-суретте графиктері а, b және с түзулері болатын функциялар берілген:

1) Функцияны формуламен жазыңдар;

2) Функция графиктерінің қиылысу нүктесін координатасымен жазыңдар

№1399 у=-2х-6 функциясының графигі болатын түзуге: 1) К(0;3) нүктесі арқылы өтетін параллель түзу; 2) О(0,0) нүктесі арқылы өтетін параллель түзу жүргізіп, олардың функциясын формуламен жазыңдар

№1401 Теңдеуді шешіңдер:

1) 2)

№1402 Графигі А(5;4) нүктесі арқылы өтетін және l=2 болатын функцияның:

1) графигін салыңдар;

2) формуласын жазыңдар;

3) графигімен Ох осіне қатысты симметриялы түзуді сызып, оның функциясын формуламен жазыңдар



Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§45 №1403

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия

Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет