Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет35/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




Күні

17.04.2015ж

6ә сынып

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі туралы түсінік беру, оларды ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі тақырыбына есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Ыстық орындық» әдісі

1) Функция дегеніміз не?

2) Функцияны кестемен беру қалай орындалады?

3) Функцияны графикпен қалай беріледі?

4) Сызықтық функция дегеніміз қандай функция?

5) Сызықтық функцияның графигі қалай орналасады?

6) Сызықтық функцияның дербес түрін тұжырымдаңдар?



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін тексереді, толықтырады, дамытады

Ой толғау мәтінмен жұмыс

ax+by=c түріндегі теңдеуді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды.

х,у-айнымалы, a, b, c-қандай да бір сандар. С-бос мүше деп аталады.

Қасиеттері:

1) Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына шығарғанда оған мәндес теңдеу шығады.

2) Теңдеудің екі жағын нольден өзге кез келген санға көбейтсек немесе бөлсек берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

Мысалы: 6х+5у=10 теңдеуін қасиеттерін пайдалана отырып, у-ті х арқылы өрнектейуді қарастырайық

6х+5у=10;

5у=-6х+10; теңдіктің екі жағын да 5-ке бөлсек

у=-1,2х+2. Бұл 6х+5у=10 теңдеуіне мәндес теңдеу. Алынған теңдеудің шешімдерін табу үшін х-ке кез келген мән беріп, у-ті табу керек.

х=1; у=0,8; (1;0,8)

х=2; у=-0,4; (2;-0,4)

х=3; у=-1,6; (3;-1,6) демек табылған мәндердің жұбы теңдеудің шешімі болады.



Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбы осы теңдеудің шешімі деп аталады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі – ең болмағанда бір айнымалысының коэффициенті 0-ге тең болмаса, түзу сызық болады.

1) ax+by=c теңдеуінде a≠0, b≠0, c≠0 болса, оның графигі Оу осімен де Ох осімен де қиылысатын түзу болады.

2) ax+by=c теңдеуінде b=0, a≠0, c≠0 болса, Оу ординаталар осіне параллель түзу болады.

3) ax+by=c теңдеуінде a=0, b≠0, c≠0 болса, Ох абсциссалар осіне параллель болады.


Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетінше білім алуға тырысады, толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№1428 1) х=-1 және у=3; х=-8 және у=6 мәндер жұптарының қайсысы х+у=2 теңдеуінің шешімі болады; 2) х=0,5 және у=3; х=-3 және у=2 мәндер жұптарының қайсысы 2х+у=-4 теңдеуінің шешімі болады?

№1430 Теңдеудегі у-ті х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез келген екі мәнін табыңдар:

1) х+у=3; 3) -2х+у=7; 5) 4х-у=3;

2) х+4у=-12; 4) х-3у=6; 6) –х+2у=5;

№1453 Теңдеудің графигін салыңдар:

1) х+у=3; 3) х+4у=3; 5) х=9;

2) 2х-у=4; 4) 3х+у=2; 6) 4у=8;

№1454 1) А(3;0), В(2;5), С(-3;10), Д(-6;15) нүктелері 5х+3у=15 теңдеуінің графигіне тиісті ме?



Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§45 №1429, №1431


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия

Тексерген 17.04.2015ж




Күні







Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі тақырыбына есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі туралы түсініктерін кеңейту мақсатында, оларды ажырата алу дағдыларын шыңдау, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі тақырыбына есептер шығару оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша анықтауға, білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Ыстық орындық» әдісі

1) Функция дегеніміз не?

2) Функцияны кестемен беру қалай орындалады?

3) Функцияны графикпен қалай беріледі?

4) Сызықтық функция дегеніміз қандай функция?

5) Сызықтық функцияның графигі қалай орналасады?

6) Сызықтық функцияның дербес түрін тұжырымдаңдар?

7) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

8) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?

9) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің неше қасиеті бар?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін тексереді, толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№1433 1) 7х+2у=14 теңдеуінің шешімі: (1;у), (2;у), (0;у). у-ті табыңдар; 2) 5х+4у=15 теңдеуінің шешімі: (х;0), (х;5), (х;-5). х-ті табыңдар.

№1434 Сәкеннің 50 және 100 теңгелік 400тг ақшасы бар. Сәкеннің неше 50тг-лік, неше 100тг-лік ақшасы бар?

№1435 Мәдина әрқайсысы 7 тг-ден қарындаштар мен әрқайсысы 35 тг-ден қаламсаптар сатып алды. Мәдина барлығына 210 теңге жұмсады. Мәдина неше қарындаш, неше қаламсап сатып алды.

№1436 7-ге еселік және 13-ке еселік екі санның қосындысы 61-ге тең. 7-ге еселік санды табыңдар.

№1437 Теңдеуді шешіңдер:

1) |х|=6; 3) |4х|=8; 5) |х+1|=4;

2) |-х|=7; 4) |5х|=3; 6) |х|+3=7;

№1438 Төмендегі теңдеулерден шешімі х=3, у=2 болатындарын теріп жазыңдар:

1) 6х-2,5у-13=0; 3) 1\3х+3,5у-8=0;

2) 0,3х-4у=10,8; 4) 0,6х-у+0,2=0;

№1455 1) 2х+у=5 теңдеуінің графигін салыңдар. Графиктен абсциссасы 2-ге тең нүктенің ординатасын табыңдар; 2) х+3у=7 теңдеуінің графигін салыңдар. Графиктен ординатасы 1-ге тең нүктенің абсциссасын табыңдар.


Берілген тапсырмаларды әркім жеке ойланып отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§45 №1439, №1456

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия


Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет