Ұзақ мерзімді жоспар



бет3/9
Дата17.06.2018
өлшемі100,33 Kb.
#43130
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Математика

Баспасы : «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2016

Авторлары: Г.Ш.Жақыпова, Н.В.Орехова, Н.В.Лебедова, С.И.Уақбаева, Ә.О.Мәдхалықова, Н.З.Иманбаева


«Математика» пәнінің мақсаты мен міндеттері

«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .

Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:

• логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

• оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

• математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

• өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

• білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

• түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

• коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

• ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.



«Математика» пәнінің мазмұны

Пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білікті және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.





  1. Бөлім

  1. Бөлімше

  1. 1

  1. Сандар және өлшемдер

  1. 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

  1. 1.2 Сандармен амалдар орындау

  1. 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер

  1. 2

  1. Алгебра элементтері

  1. 2.1 Санды және әріпті өрнектер

  1. 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

  1. 3

  1. Геометрия элементтері

  1. 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

  1. 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

  1. 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

4

Жиын. Логика элементтері

  1. 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

  1. 4.2 Пікірлер

  1. 4.3 Тізбектер

  1. 4.4 Заттардың комбинациялары

  1. 5

  1. Математикалық модельдеу

  1. 5.1 Есептер және математикалық модель

  1. 5.2 Математикалық тіл

Оқу жүктемесінің бөлінуі

Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық жүктеме

1

4 сағат

132 сағат

Каталог: uploads -> doc -> 12cc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12cc -> Сабақтың тақырыбы
12cc -> Сабақтың тақырыбы: Қарақытайлар Сабақтың мақсаты
12cc -> Сабақтың тақырыбы Бүйрек ауруының алдын алу Негізгі мақсат
12cc -> Activstudio бағдарламасының сабақ беру үрдісіндегі мүмкіндігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет