Ұзақ мерзімді жоспар



бет2/9
Дата17.06.2018
өлшемі100,33 Kb.
#43130
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тілдік мақсаттар туралы
Жалпы білім беретін мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:

• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

• сабақта пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын алаойдағы контексте қолдану;

• оқушылардың тілдік төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым,оқылым-жазылым,оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылымжәнет.б.)түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды диалог пікірталасқа қатыстыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушыларды Диалогке қатыса алуы үшін бай лексикалық қормен қамтамасыз ету);

тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту(мысалы тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануына ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.


Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,



(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарбойынша, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағытталады, бірақ ең кемінде біреуі тілдік сауаттылықты дамытуға бағытталуы тиіс.

Жаратылыстану Аптасына – 1 сағат, барлығы – 33 сағат


ОӘК бөлімі

Тоқсан бойынша сабақ


Сабақ тақырыбы

(ОӘК)

Оқу мақсаттары

ОӘК –індегі беттер


сағат саны

мерзімі

Ресурстар

Оқулық

Жұмыс дәптері













І тоқсан


1


1A бөлім: Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Табиғатты тану әдістері




Мен зерттеушімін

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;




3-8

3

1

7.09

Бөлме өсімдіктері,табиғи және жасанды заттар,сызғыш, таразы







2- бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер




1

Өсімдіктер –тірі ағзалар

1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;


9-11

3-4

1

14.09

Жанды табиғат, жансыз табиғат, өсімдік, нысан

2

Өсімдіктердің қандай түрлері болады ?



1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;


12-13


5-6


1

21.09

Өсімдіктердің суреттері, бөлме өсімдіктері, көгөністер мен жемістер

3

Өсімдік қандай бөліктері

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу



14-15

7-8

1

28.09

Өсімдік суреттері, бөлме өсімдіктері, үрмебұршақ тұқымдары, стақандар, мақта

4

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет ?

1.2.1.4 Өсімдіктердің өсуі кезіндегі сыртқы өзгерістерді сипаттау

1.1.1.1 Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;



16-17

9-10

1

5.10

Су, топырақ, күннің суреттері, бөлме өсімдіктері,үрмебұршақ тұқымдары, қораптар

5

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек ?

1.2.1.6 Бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін білу 1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау




18-20

11

1

12.10

Сусепкіш, қопсытуға арналған таяқшалар, бөлме өсімдіктері







2-бөлім. Тірі таюбиғат: Жануарлар




1

Жануарлар -тірі ағзалар

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

22-23

12-13

1

19.10

Ермексаз, жануарлардың суреттері, Қазақстан табиғаттары туралы бейнефильм

2

Жануарлар қандай түрлері болады ?

1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырату

1.1.1.1 Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;


24-25

14-16

1

26.10

Үлестірмелі парақшалар:орман, үй,белгілі үй жануарлары

3

Адам жануарлардан не алады?

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру




26-27

17

1

9.11

Жүн мен мамықтан жасалған бұйымдар, ыдысқа құйылған сүт өнімдері немесе суреттері,

4

Жыл мезгілі жануарларға қалай әсер етеді ?

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру


28-30

18-19

1

16.11

Жыл мезгілдері, өрістейтін, ұйқыға кететін, қор жинайтын жануарлардың суреттері бар үлестірмелі парақшалар

-бөлім_____2_тоқсан__2-_бөлім._Тірі_табиғат:_Адам'>3-бөлім




2 тоқсан

2- бөлім. Тірі табиғат: Адам





1

Адамның дене мүшелері

1.2.3.1 Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау


31-33

20-21

1

23.11

Дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер, үлкен көлемдегі ватман парағы.

2

Адам қалай есейеді ?

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау

1.1.1.1 Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру



34-35

22-23

1

30.11

Фломастер, шытыра моншақ, мата қисындысы, бау.қаламсауыт, сылдырмақ, үлкен текше, картон кітап




3

Қалай дұрыс тамақтану керек ?

1.2.3.3 Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау .
1.1.1.1 Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

36-37

24-25

1

7.12

Тамақтану пирамидасы салынған плакат, «бос» тамақтану пирамидасы бар парақтар.




4

Демалыс не үшін қажет ?

1.2.3.3 Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

38-40

26-27

1

14.12

Оқушылардың жазғы демалысындағы фото суреттер, доп, топ санына байланысты балалар доминосы

4-бөлім




Күш пен қозғалыс







1

Қозғалыс дегеніміз не ?

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
1.2 Табиғатты тану әдістері

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
1.5.1.1 «Қозғалыс» ұғымын түсіндіру


41-43

28-29

1

21.12

Ойыншық мәшинелер, жеңіл және жүк мәшинелері, ағаштан жасалған балаларға арналған құрылыс материалдары, өлшеуіш құралдар, көлік бейнеленген ашықхат, белгі беретін парақшалар (қызыл, сары, көк), жолақ пішінді стикерлер




2

Қозғалыс траекториясы дегеніміз не ?

1.5.1.4 «Траектория» ұғымын түсіндіру

1.5.1.5 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету



44-45

30-31

1

28.12

Жайпақ төртбұрышты пластмасса немесе темір табақша, топтардың санына байланысты ойыншық мәшеинелер, металл шарлар, құм салынған ыдыс.




3

Біз қалай қозғаламыз ?

1.5.1.3 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау

46-48

32

1

11.01

Қозғалысқа келтіруге болатын заттар, бесіктің суреті, асықтар, «бесікке салу» рәсімінің бейнежазбасы.










3 тоқсан 4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт










1

Ғарыш дегеніміз не ?

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

49-51

33-34

1

18.01

Жұлдызды аспанның картасы, ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері




2

Адамдар ғарышты қалай зерттейді ?

1.4.2.2 Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау.


52-53

35-36

1

25.01

Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм

3


Қазіргі кезде ғарышты қалай зерттейді ?

1.4.2.4 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.2.3 Ғарышты зерттеуге арналған аспаптар, құрал-жабдықтарды және ұшу аппараттарын атау



54-55

37-38

1

8.02

Ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері, телескоптардың суреттері, телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба

4

Жер ғаламшарының көрінісі

1.4.1.2 Жердің жасанды моделін және кескіндеу тәсілдерін білу

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау



56-57

39-40

1

15.02

Шар, доп, глобус, желім, ай тұтылу кезіндегі айдың фотосуреті, ойыншық кеме.

5

Глобусты қалай қолданады ?

1.4.1.2 Жердің жасанды моделін және кескіндеу тәсілдерін білу

1.1.1.1 Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру



58-59

41-42

1

22.02

Глобус, түрлі түсті түймелер.



6

Уақытты анықтау не үшін қажет ?

1.4.3.1 Уақыттың маңыздылығын түсіндіру

1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау




60-62

43

1

1.03

Құмсағат, механикалық және электронды сағат, күнсағаттың фотосуреті, ұзындық өлшегіш таспа

5-бөлім. Табиғат физикасы: Жылу. Электр. Магниттілік







1

Жылытқыш құралдар

1.5.4.1 Жылыту жабдықтары мен құрылғылардын атау

63-65

44-45

1

1.03

Әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері, А4 форматты парақ, желім, түрлі үй – жайлардың суреттері




2

Электр

1.5.5.1 Адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру

66-67

46-47

1

15.03

Ұялы телефон, батереялы ойыншықтар, тоқ көзі, электрдың адам өміріндегі маңызы туралы бейнефильм

4 тоқсан

5- бөлім. Табиғат физикасы: Жарық








1


Магнит

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді

анықтау;


1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру




68-70

48

1

5.04

Жолақты магниттер, металдан жасалған түрлі заттар, көзәйнек немесе басқа шыны зат, құм салынған табақша, ине, пластикалық құмыра.







2

Табиғи жарық көзі деген не?

1.5.2.1 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;


71-73

49-50

1

12.04

Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсетілетін сюжетті суреттер, найзағайдың пайда болуы туралы бейнефильм




3

Жасанды жарық көзі деген не ?

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;



74-75

51-52

1

19.04

Тірек сөз жазылған үлестірмелі материалдар жиынтығы, алғашқы жарық көздерінің суреттері




4

Жарық не үшін қажет?

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау



76-77

53-54

1

26.04

Буындарға бөлініп жазылған тірек сөздері бар үлестірмелі парақшалар, ермексаз.




5

Қараңғы қай кезде қажет?

1.5.2.1жарық пен қараңғылықты салыстыру;

78-80

55-56

1

3.05

Жұқа, жеңіл көрпе, селдір мата, бала ойыншықтары, шам, трафарет, сорғыш, әр түсті гуашь







5- бөлім. Табиғат физикасы: Дыбыс




1

Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не ?

1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

82-83

57-58

1

10.05

Жазуға арналған пластикалық планшеттер, ермексаз, фотоаппараттар.




2

Жасанды дыбыс көздері дегеніміз не ?

1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу19



84-85

59-60

1

17.05

Ысқырық, тірек сөздің буындары жазылған үлестірмелі парақшалар, ішінде стақан, ағаш текшелері, темір қақпақ, сылдырмағы бар сандықша (сөмке)




3

Дыбыс қалай тарайды ?

Дыбыс қайда тарайды?



1.5.3.1 Дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру

1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу



86-90

61-64

1

24.05

Су толтырылған ыдыс, әр түрлі мөлшердегі тастар, доп, қоңырау, пластикалық стакандар, біз, сіріңке, тиындар, құм, су, су құйылған құты.







Каталог: uploads -> doc -> 12cc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12cc -> Сабақтың тақырыбы
12cc -> Сабақтың тақырыбы: Қарақытайлар Сабақтың мақсаты
12cc -> Сабақтың тақырыбы Бүйрек ауруының алдын алу Негізгі мақсат
12cc -> Activstudio бағдарламасының сабақ беру үрдісіндегі мүмкіндігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет