Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет3/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, УМК ППМК 2021-2022, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
1-тәжірибе: Биурет реакциясы. Бұл реакция арқылы белоктардың құрамындағы пептидті байланысты ашады. Пептидтер сілтілі ортада мыс иондарымен күрделі комплексті қосылыстар түзуге қабілетті келеді.



несеп нәрі биурет

Жұмыс барысы: 2 мл жұмыртқа белогінің ерітіндісін алып, үстіне бірнеше тамшы 10%-ті NaOH және 1%-ті CuSO4 қосамыз. Күлгін түстің пайда болғанын байқаймыз.


2-тәжірибе: Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы кейбір циклды амин қышқылдарын ашады. Мысалы: тирозин, фенилаланин, триптофан сияқтылар.
Жұмыс барысы: 1 мл жұмыртқа белогінің ерітіндісіне 5-6 тамшы HNO3 кон. ерітіндісін қосып қыздырады. Қоспа сары түске боялады. Екінші сатыда пайда болған аралық өнімді салқындатып, концентрлі аммиак немесе 30%-ті NaOH ерітіндісін қоссақ, қоспа сары қызыл түске боялады.



Динитрозиннің хиноидты динитротирозиннің
формасы аммонийлі тұзы
Ксантопротеин реакциясын белоктардан, пептидтерден және циклды амин қышқылдарынан басқа да көптеген қарапайым ароматикалық қосылыстарда береді (бензол, фенол және т.б.).
3-тәжірибе: Адамкевич реакциясы. Белок ерітіндісіне концентрлі H2SO4 қатысуында глиоксил қышқылын аз мөлшерде қосса, қызыл күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белок молекуласында триптофан амин қышқылының барлығына және оның сілтілі ортада альдегидтер немесе оксиметилфурфуролмен реакцияға түсіп, түсті өнім беруіне негізделген. Глиоксил қышқылы концентрлі сірке қышқылының құрамында аз мөлшерде кездеседі. Сондықтан концентрлі глиоксил қышқылының көзі ретінде пайдаланылады.
Бұл реакциядағы қосылатын концентрлі күкірт қышқылы қоспадағы суды байланыстыру үшін қажет.
Жұмыс барысы: Пробиркадағы 1-2 мл белок ерітіндісіне бірнеше тамшы конц. СН3СООН қосамыз. Алынған қоспаға сақтықпен 1 мл конц. H2SO4 құямыз. Екі сұйықтықтың жанасу шегінде қызыл күлгін сақина пайда болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет