Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер



бет6/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, УМК ППМК 2021-2022, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: белок ерітіндісі, марлі немесе мақта, шыны воронка, электр плитка, су моншасы, пробиркалар, конусты колба, өлшеуіш цилиндр, 1%-ті және 10%-ті СН3СООН, 10%-ті NaOH, (NH4)2SO4 кристалы және қанық ерітіндісі, NaCl қанық ерітіндісі, Na2SO4 қанық ерітіндісі, 3%-ті AgNO3, 1%-ті CuSO4, 0,5%-ті Pb(CH3COO)2, HCl конц, H2SO4 конц, HNO3 конц қышқылдары, этил және метил спирті, ацетон ер-сі, 20%-ті сульфосалицил қышқылы, 5%-ті үшхлорсірке қышқылы, 5%-ті [K4Fe(CN)6], қаныққан пикрин қышқылы, 10%-ті танин ерітіндісі, қаныққан фенол және формалин.
1-тәжірибе. Белоктарды қыздыру немесе қайнату арқылы тұнбаға түсіру.
Белоктардың ерітінділерін қыздырғанда олардың коллоидтық бөлшектерінің іріленіп, коагуляциялана бастағанын байқауға болады. Мұның нәтижесінде ерітінді лайланады. Қыздыруды әрі қарай жүргізсек, онда седиментация процесінің жүруіне байланысты белок молекулалары іріленіп, тұнбаға түседі. Ал күшті қайнату әсерінен белоктың денатурациялануына байланысты, яғни табиғи қасиеттерінің өзгеруіне байланысты қайтымсыз процесс болады да, белок бастапқы қалпына қайтып келе алмайды.
Жұмыс барысы: 5 пробирка алып әрқайсысына 1 мл-ден белок ерітіндісі құйылады. 1-ші пробиркаға 1 тамшы 1%-тік СН3СООН қосады. 2-ші пробиркаға 0,5 мл 10%-тік СН3СООН қосады. 3-ші пробиркаға 0,5 мл 10%-тік СН3СООН-н және бірнеше тамшы NaCl қанық ерітіндісін, 4-шіге 10%-ті NaOH қосады, 5-шіні сол күйінде қалдырып, барлығында қайнағанша қыздырады. Сонымен алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
2-тәжірибе: Белоктарды сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының ерітіндісімен тұнбаға түсіру.

Аммоний тұздары мен сілтілік және сілтілік жер металдардың тұздары – Na2SO4, (NH4)2SO4, NaCl, MgSO4 белок бөлшектерінің зарядын нейтралдап, дегидратациялануына (сусыздануына) себебші болады. Ал реакция нәтижесінде тұнда түседі. Белоктардың бұл тұндыру әдісін, тұздандыру деп атайды. Бұл процесс қайтымды, сондықтан белоктардың кейбір қасиеттері келуі байқалады (мысалы, ферменттердің активтігі, антигендік қасиеттері). Тұздандыру, белоктарды фракцияларға бөлуде, белоктарды тазалауда және оларды кристалл түрінде ажыратып алу үшін қолданады.


Жұмыс барысы: а) 2-3 мл белок ерітіндісіне 2-3 мл (NH4)2SO4 қанық ерітіндісін қосып, араластырып, бірнеше минутке қояды. Глобулиндер тұнбаға түседі. Тұнбаны сүзіп, сүзіндіге ұнтақ түріндегі (NH4)2SO4 қосылады. Мұқият араластырып, бірнеше минут қойып қояды. Тұнбаға альбуминдер түседі, оны сүзіп сүзіндіге Биурет реакциясын жүргізеді.
б) 4 мл белок ерітіндісіне NaCl мен не Na2SO4 пен қанықтырады. Глобулиндер тұнбаға түседі. Тұнбаны сүзіп, сүзіндіні 2-ге бөледі: 1-шісін қаййнатады, 2-шісін конц. сірке қышқылымен қышқылдандырады. Екі пробиркада да альбумин тұнбаға түседі. Қышқылдандыру нәтижесінде пайда болған тұнбаны сүзеді, сүзіндіні қайнатып тағы да сүзеді. Сүзіндіде белок тұнбасының бар-жоқтығын анықтайды.
3-тәжірибе: Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру.
Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру, олардың белоктармен ерімейтін комплексті қосылыстар түзуіне байланысты. Белоктар кейбір тұздармен CuSO4, ZnSO4, Pb(CH3COO)2, FeCl3 тұнба түзеді. Түзілген тұнба олардың артық мөлшерін қосқанда, қайтадан еріп кетеді. Бұл процесс пептизация процесі деп аталады. AgNO3 және HgCl2 тұздарының ерітіндісімен пайда болған тұнба, бұл тұздардың артық мөлшерін қосқанмен, сол қалпында қалады, яғни ерімейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет