Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет7/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, УМК ППМК 2021-2022, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
Жұмыс барысы: 3 пробиркаға 2 мл-ден белок ерітіндісі құйылады. 1-шіге 3%-ті AgNO3, 2-шіге 1 тамшы 1%-ті CuSO4, 3-шіге 1 тамшы 0,5%-ті Pb(CH3COO)2 ерітінділері қосылады. Үшеуінде де тұнба түзіледі.
4-тәжірибе: Белоктарды органикалық еріткіштердің әсерімен тұндыру.
Органикалық еріткіштер (спирт, ацетон т.б.) белок макромолекуласының денатурациялануына себебші болады. Олар белоктың сулы қабығын бұзып, белоктың ерітіндіде ерігіштігін төмендетеді де тұнбаға түсуіне алып келеді. Белоктарды, органикалық еріткіштер жәрдемімен нейтрал немесе әлсіз қышқылдық ортада, тұнбаға түсіруге болады. Сілтілік ортада бұл процесс жүрмейді. Белоктарды спиртпен тұндыру құайтымды процеске жатады. Мұнда ерітінді қыздырылмаса және реагенттің әсері қысқа уақыт аралығында болса ғана қайтымды процесс болады.
Жұмыс барысы: 3 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, әрқайсысына 3-5 мл метил, этил спирттерін және ацетон қосамыз. Органикалық еріткіштердің әсерінен белок бірден тұнбаға түседі.


5-тәжірибе. Белоктарды минералды қышқылдармен тұндыру.
Белоктарды концентрлі минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру, олардың дегидратация әсерлеріне байланысты. Белоктарды сульфосалицил және үшхлорсірке қышқылдары арқылы тұнбаға түсіру арнайы реакциялар қатарына жатады.
Жұмыстың барысы: а) 1 мл белок ерітіндісі құйылған үш пробирканың әрқайсысына сақтықпен 1 мл конц. HCl, H2SO4 және HNO3 құяды. Әрбір пробиркада екі сұйықтық шекарасында белок тұнбасының ақ түсті сақинасын байқауға болады. Пробиркадағы қоспаны шайқап араластырсақ 1-ші, 2-ші пробиркада тұнбалар еріп кетеді, ал 3-шіде ерімегенін көреміз.
б) 1 мл белок ерітіндісіне бірнеше тамшы 20%-тік сульфосалицил қышқылын НО2OS-C6H4O-COOH қоссақ, тұнба пайда болады. Егер алынған ерітіндіде белок мөлшері аз болса ерітінді лайланады. Сульфосалицил қышқылы тек белоктарды ғана емес, сонымен бірге жоғары молекулалық заттар және олардың ыдырау өнімдері-пептондар мен полипептидтерді де тұнбаға түсіреді.
в) 1 мл белок ерітіндісіне 1 мл 5%-тік үшхлорсірке қышқылын (ССl3COOH) қосса, ақ түсті тұнба түзіреді. Үшхлорсірке қышқылы тек белоктарды тұнбаға түсіреді де, ал оның ыдырау өнімдерін тұнбаға түсірмейді. Бұл биохимиялық зерттеулерде өте қажет, әсіресе белоктың құрамындағы азоттың мөлшерін жеке анықтау үшін, сол сияқты төмен молекулалы өнімдердің азотын анықтау үшін де (амин қышқылының, несеп нәрінің және т.б.). Оларды қалдық азот деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет