Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер



бет3/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер. Жаулау. Бақыраш, қол бақыр. Жаулау бұрын болушы еді (Қарағ., Шет).
Қылдыбақыр. Шелек. Қылдыбақырды толтырып су алып кел
(Қарағ., Шет).
Төймөңке. Кесенің ең кішкене түрі. Тəймөңке кесемен балаларға құйып бер (Қарағ., Шет).
Қасқарша. Мойны ұзын жез құман. Қасқарша осы күні сирек ұшырайды (Қ. орда, Сыр.).
Сапал кесе. Үлкен кесе. Ол бір сапал кесе айран ішті (Қ. орда, Тер.).
Чөлеңке. Кесе. Сусын ішетін чөлеңке алдың ба? (Моңғ. қаз.).
Шəугім//чəугім. Шəйнек. Мейманға чəугім бер, беті-қолын жусын
(Шымк., Арыс).
Құм. Құмыраның үлкен түрі. Құмға ашытқан ағарған кəстрөл-мəс- трөлге ашытқаннан əлдеқайда пайдалы (Түрікм., Таш.).
Шайдос. Мойны ұзын құман. Бұрын шайдос көп еді. Кəзір оны
жез құман деп кетті ғой (Шымк., Сарыағ.).
Бөрдек. (Орал, Қара.). Құдықтан су алу үшін кенеп, не теріден істелген шелек сияқты ыдыс.
Құрал-сайман атаулары. Мыштар//ныштар. Бəкі. Менің мыш- тырым қалтамда қалып қойыпты (Шымк., Ленг.). Батыс қазақтары бұны шаппа//шаппа пышақ дейді.
Забиял. Қазан революциясынан бұрын Завиялов зауыты шыға- рып тұрған бəкі. Бұрын забиял бəкілер көп болатын (Көкш., Щуч.).
Кемпірауыз. Шеге суыратын құрал. Орталық-солтүстік облыстарда тістеуік, батыс аймақтарында атауыз дейді. Кемпірауыз шегені дем- де суырып алады («Қаз. əдеб.», 16. 08. 62).
Аша. Айыр. Айырды бұтағының санына қарай үшаша, төрташа деп атайды. Сахнада тарелке айналдырғанша, қолыңа аша алып, қырман басындағы веялкаға барғаның жөн болар («Қызыл жұлд.», 9.11.56). Солтүстік облыстарда аша деп үйдің тіреуін, бағанасын ай- тады. Оңтүстік аймақтарда (Шымк., т. б. обл.) айырды бесақа дейді.
Шеккі. Таразы. Ана тұрған бидайды шеккіге өлшет (Орал, Жəн.). Сиқов жолдас астық өлшеп алуға тұрақты адам тағайындамай жəне шеккімен қамтамасыз етпей отыр («Коммунист», 2. 07. 54).
Нəрбі. (Қарағ., Шет). Темір тесетін құрал.
Жөмке. Қысқаш. Шоқты жөмкемен қысып алып тастаймыз
(Орын., Бөр.).
Жұтпа. (Қарағ., Шет). Маядан шөп суырып алатын құрал. Бұл құрал Қостанайда сүңгуір, Көкшетауда шотағаш, Маңғыстауда қар- мақ деп аталады.
Созан. Түйенің ауытын тігетін ағаштан не темірден жасалған үлкен ине. Созаныңды берші, мен тігейін (Түрікм., Таш.).
Бұлардан басқа төмендегі сөздерді де атауға болады: мəстүрік// нəстүрік (ағаш жонатын құрал), əтешкір//шаттауық (от қысқыш), алқа (құлып), кергі (қайла), қадаубас (темір кесетін құрал) т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет