Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Салт, əдет-ғұрыпқа, ойын аттарына байланысты сөздер



бет4/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус

Салт, əдет-ғұрыпқа, ойын аттарына байланысты сөздер.


Тəріп. Əдет-ғұрып. Біздің тəрібімізде мұндай жоқ (Қарақалпақ қаз.).
Дəп. Дəстүр, əдет-ғұрып. Мұндай дəп біздің елде де бар (Гур.,
Маңғ.).
Азат омыртқа//аян омыртқа (Алм.). Мал сойған кісінің ақысы есебінде берілетін ет.
Асар//уме. Адамдардың топтасып көмек, жəрдем беруі. Асарға көп адам шақырдым (Қ. орда, Сыр.). Өзбек тілінде хашар. Батыс қазақтары мұны уме дейді. Мен умеге жақындарымды ғана шақыр- дым (Ақт., Қараб.). Бұл сөз кейде «жəрдем» сөзінің синонимі ретінде де қолданылады. Мысалы, Егіс уақытында қаладан умеге көп адам келеді (Ақт., Қараб.).
Шөп шапқам жоқ өзіме, Өткіздім байдың үмесін.
– Əй, Мырқымбай, қайтейін,
Бай деумен-ақ жүдейсің (Б. Майлин).
Есім қосу. Жиын-тойда ат қойып ойнайтын ойын түрі. Есім қос- қанда ойынды басқарушы отырғандарға түгел есім қойып шығады (Орын., Ад.).
Мəлкі тотай. (Орын., Ад.). Əйгелек, қол үзбек. Ойынның бір түрі.
Шатыраш. Дойбы. Шатырашты жөнді ойнай алмаймын (Орын.,
Ад.).

Күн райына, табиғатқа, уақыт мезгіліне байланысты сөздер.


Жам. Теңіздің терең, өзек жері. Тымық күндері де жамның беті толқып жатады (Гур., Маңғ.).
Желауыз. Оңтүстік-батыстан соғатын теңіз желі. Желауыз жиі соғып тұрады (Гур., Маңғ.).
Қышын. Солтүстіктен соғатын теңіз желі. Оның күшті түрін қара қышын дейміз (Гур., Маңғ.).
Айлақ. Шығанақ, теңіздің қолтығы (ор. бухта.). Кеме айлаққа ке- ліп тоқтады (Гур., Маңғ.).
Чат//шат. (Сем., Үрж.). Тау ішіндегі терең сай.
Ақбайтал. Үскірік, боран. Қыста ақбайтал күндерінде суық бо- лады (Көкш., Еңб.).
Шұбарлы жер. Ағашты, бұтақты жер. Шұбарлы жерге қар көп тоқтайды (Көкш., Щуч.).
Долы. Бұршақ. Жемісімізді долы жауып, ұрып тастады (Шымк., Ленг.).
Шабыр. Қырқалы, ойлы-қырлы жер. Білемін, оның үйі шабыр- дың ішінде еді (Қарағ., Шет).
Жарын. Келесі жыл, келер жыл. Қайрақбай бізге жарын келем деп отыр (Ақт., Жүр.). Бұдан да бітік өседі, Еккен тарың жарынғы (Н.Байғанин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет