Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет49/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60

Саяси өмірде болған өзгерістер үлттық сананың оянуын туғызды. Мүның айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы халықтық қозғалыс болды. 1989 ж. ақпандағы республика жүртшылығының жиынында түңғыш «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы ca- лынды. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О.Сүлейменов басқарды. Бүл қозғалыс бүкіл Қазақстан халқы тарапынан қолдау тауып, осы жылдың 6 тамызында Семей облысы Қарауыл ауылында өткен жиында KCPO мен АҚШ-тың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі жөнінде үндеу қабылдады. Одақтық үкімет Семей полигонындағы жары- лысты азайтуға мэжбүр болып, 1989 ж. полигонда жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатты. «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 ж. мамырда Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державаларда қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатында «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өтті.

Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі — pe- спубликаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін қүру еді. Ондағы негізгі мақсат — бүқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің төрағаларына үсынылды. Бірақ мүндай өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі ай- тылды. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық жэне аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды.

Жаңа тэртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесіне сайлау үйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компар- тиясы Орталық Комитетінің 1- хатшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей- ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сэуірде Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың түңғыш президенті етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайлануы республи­када саяси-экономикалық мэселелерді шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді. Республика Жоғарғы кеңесі 1986 ж. 17—18 желтоқсанда Алматы­да болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы комиссия қүрды.

Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бүл салада он екінші шақырылған Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990—1991 жж. қабылданған республика заңдарында эрбір адамның бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту қүқықтық мемлекет қүру жолындағы елеулі қадам бол­ды. Заңдар Қазақстанның саяси жэне экономикалық егемендігін ic жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың қүқықтарын едәуір кеңейтіп, республикада түрып жатқан барлық үлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген "Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын" 1989 ж. қыркүйекте қабылдауы маңызы зор оқиға болды.

Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бүқара халық арасында эртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына жэне бірқатар саяси партиялар қүрылып, олардың еркін жүмыс істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы қүрылды. Бүл партияның алды- на қойған басты мақсаты — республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның қүрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады жэне өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.

1990 жылы Қазақстанда "Азат" азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты — Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең қүқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада "Алаш", "Желтоқсан", т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мүның өзі Қа- зақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті.

Қорыта келгенде, XX ғасырдың 70—80- жылдары қоғамдық- саяси өмірдегі жэне элеуметтік-экономикалық дамудағы теріс қүбылыстар одан эрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен үстап түрған кеңестік тоталитарлық жүйенің қүлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта қүру, горбачевтік социализмді "жаңарту" әрекеттері ешқандай оң нэтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан қүтқара алмады жэне қүтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік экімшіл-эміршіл жүйе тоқырауға үшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан эрі тереңдей түсті.

16-тақырып ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУЫ (1991—2008 жж.)

ЧШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШ'

  • Қазацстанның тәуелсіздігінің жариялануы

және ТМД-ның цұрылуы

  • Қазацстан Республикасының мемлекеттік цүрылысы

  • Қазацстан Республикасының элеуметтік-экономикальщ дамуы

  • Қазацстан Республикасының цогамдъщ-саяси дамуы

  • Қазацстан — элемдік цауымдастыцта

1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы

және ТМД-ның құрылуы



КСРО-ның қүлауының басты себептерінің бірі — экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының тех- нологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары KCPO АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп жэне капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне aca көп қаржы шығарды. 1950—1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 трил­лион долларға жеткен. Мүндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға үшыратты.

Қазақстан экономикасының артта қалуы жэне ондағы кемшілік- тер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12- бесжылдықта (1986—1990 жж.) республика экономикасын қайта қүру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мүның өзі бесжылдықта үлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.

Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі, басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең ба- стысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бүрынғы жыл- дармен салыстырғанда мықтап қүлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс эсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің түрмыс дэрежесі мейлінше томен- деді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре ба­стады. Кеншілер үжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға ай- ырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.

Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркэсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық түтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда бол­ды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі қүрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.

Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан ай- ында Жоғарғы экономикалық кеңес қүрылды. Оның қүрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг, тағы басқа ipi экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шүғылданды.

Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшіктің жаңа формалары — акционерлік қоғамдар, жалдық жэне кооперативтік кэсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сырт- қы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жүмыс істеді.

Дегенмен, эртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп- кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бүзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, үлттық табыс 10%- ке, еңбек онімділігі 5,4%-ке томендеді. Түтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы "колеңкелі" экономиканың кеңінен орістеуіне, халықтың түрмыс дэрежесінің одан эрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның қүны түсіп кетті. Қүны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 ece өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды.

Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен үжымдардың ll%-i шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық түтынатын тауарлар азайды.

Өнеркэсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едэуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5—3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті тетік пен мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше ece асып түсті. Оның үстіне ауылшаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алын­ды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60—65 %-тен ac- қан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жүмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-ке төмендеді. Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бүл барлық жиналған астықтың тек 27%-ін ғана қүрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.

Халық шаруашылығына жүмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған қүрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жүмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жо- лаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге бүрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым бол­ды. Оның 60% қара жэне түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін қүрады. Есесіне республика басқа жерлерден бүрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13% көлемінде халық түтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды.

Мүндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты Кеңес Одағы елдерінде үлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар үлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары үлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, үлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолда- рын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт респу­бликалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қарашасы 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикала­ры өздерінің егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар KCPO қүрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989—1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет