Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет48/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60

Маскүнемдікпен жэне тәртіпсіздікпен күрес қайта қүрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, түтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.

Халықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда басталған ауған жанжалын тоқтату болып табылады. Кеңестер Одағы 1988 жылы өз әскерін Ауғанстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сом шығын әкеліп отырған болатын. Бүл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Pe- спубликадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-дейі қаза тауып, 393-і мүгедек болып, 22-сі хабарсыз кетті. Бүл шаралар Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес-Қытай қатынасы жақсарды. Бірақта, KCPO элі де болса бүрынғысынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп кешенін үстап отырды. 1987 жылдан ба­стап ядролық сынақты қайтадан бастады.

«Қайта қүру» түжырымдамасы үлт мәселесін де одан эрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік жэне т. б. көптеген келеңсіз қүбылыстар кеңінен орын алды. Бүл жылдары үлт саясатында, элеуметтік-экономикалық жэне кадр мэселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бүл кезде қоғамдық ойдың мэні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бүл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген бас­шы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, aca маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, түрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.

XX ғ. 80 жылдары Қазақстанда үлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ респу­бликада үй қүрылысы, мектеп, балалар бақшасы жэне басқа да мәдени-әлеуметтік қүрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сай­ын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек — 69, Одақта эрбір 10 мың адамға 404 дәрігерден келсе, мүнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомстволық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жа­сады. Соның нәтижесінде көптеген аумақ, cy мен aya бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегуші аудандарға айналды. Табиғи ортаны қорғау жүмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарын­да экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті.

Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндама- сында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Э.Назарбаев жэне съезде шығып сөйлеген басқа да делегат- тар мүндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі жэне маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақ- тылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, өзекті мэселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Алғашқыда Орталық басшылығын Қазақстанның шикізаттық даму бағыты мен оның Д.А. Қонаев бастаған басшылығы қанағаттандырды. Бірақ та «қайта кұруға» сай жүзеге асыры- ла бастаған косметикалық реформалар республика басшылығын ауыстыруды қажет етті. Қазақстанның жоғарғы билік органда- рына орталықтан басшы кадрлар жіберу жалғаса түсті. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тари­хи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мүндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы ДА.Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небәрі 18 минутқа созыл- ды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының 1-ші хатшысы ДА.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мүның өзі қайта қүру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің пле­нум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жүмысшы жэне сту­дент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында үстаған үрандарының арасында "Әр халықтың өз үлттық көсемі болу керек" деген үран бар еді. Мүндай көсемнің Қазақстанда түратын орыс халқы өкілдерінен болуы мүмкін екендігі айтылды. Алаңда бо­лып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік қүрылысқа қарсы астыртын әрекет, үлтшыл үйым бар деген пайым- дау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай үйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция жэне әскерлер арасында қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Мүздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды жастар өртеп жіберді. Қақтығысудың ба­рысында Е.Сыпатаев жэне С.Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Бейбіт шеруді басып-жаншу кезінде тэртіп сақтау органдары заңдылықты өрескел бүзып темір таяқтарды, сапер күректерін, иттерді пайда- ланды. Жастарды прокурордың шешімінсіз түрмеде үстап, партия органдары қүқық қорғау органдарына айыптау қорытындыларын тезірек шығару жөнінде қысым жасады.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ pec- публикалық партия үйымдарының еңбекшілерге интернационал- дық жэне патриоттық тәрбие беру жүмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы үлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бүл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы еш уақытта үлтшыл болып көрген емес еді. Мэселені Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесі жанынан ар­найы қүрылған Мүхтар Шаханов бастаған комиссия тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демо­кратия жэне жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінің түрі үлттық болғанымен мазмүны үлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған бола­тын. Бүл ереуілсаяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік қүрылысты қүлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың жэне орталықтың партиялық-бюрократиялық қүрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист — шектен шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы үлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп түрған жүйе оны "Қазақ үлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сот- талды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомол- дан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне эртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау жэне Көлік министрліктерінен 309 адам жүмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін Г.В. Колбиннің саясатының қатаң жэне валюнтаристік бағытына жол берілді. Басшылық жүйесінде үлкен кадрлық тазалау жүзеге асырылды, мәдениет пен баспасөзге бақылау күшейді, жоғары оқу орындары­на студенттер Қазақстандағы үлттардың алатын проценттік үлесіне сай қабылдана бастады. Орталыққа жіберілетін фондыларды азайту нәтижесінде қол жеткен өзгерістерге жалған сипаттама берілді.

Осылайша «қайта қүрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері эко- но-миканы жэне қоғамдық-саяси өмірді жоғарыдан жүзеге асырыл- ған жеңіл-желпі шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан- анық көрсетті. 1988 жылдан бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық үйымдар қүрыла бастады. 1987 жылы тамызда түңғыш тәуелсіз үйым — әлеуметтік-экологиялық «инициатива» бірлестігі қүрылып, ол өзінің алдына соғысқа қарсы түру, экологияны, бейбітшілікті қорғау, қоғамды демократиялан- дыру мақсатын қойды. Жүмысшы қозғалысы да елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерла- ры ерекше рөл атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік- экономикалық саладағы көкейтесті мэселелерді көтерді.

Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта қүру жағдайында бүқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік жэне үлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық жэне үлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жүмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени- түрмыстық, үй-жай жөнінде элеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мүның өзі бүқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта қүру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, үлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бүл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан эрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне баста­ды. "Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!" деген үран жандан- ды. Бүл мэселені бастапқы кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеңе шықпады. Өйткені, компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандат­ты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам үсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық жэне селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сай­лау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасын­да KCPO Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бүл жаңа тэртіпті мақүлдады. Өйткені, көптеген еңбек үжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын үсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бүқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.

1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық XIX партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне рефор­ма жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе — халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сэйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта қүру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған "KCPO Конституциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы" жэне "KCPO халық депутаттарын сайлау" жөніндегі заңдарда өзінің шы- найы көрінісін тапты.

Толғағы жеткен мэселелерді өзі шешуге республиканың қүқылы болуы Қазақстанның өткен кезеңінде жіберілген ағаттықтарын түзетуге мүмкіндік туғызды. 1988 жылы Қазақстан Компартия- сы Орталық Комитетінің қаулысымен 30—40-жылдары жэне 50-жылдардың бас кезінде сотталған жэне жазаға үшыраған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе Шэкэрім Қүдайбердіүлының, Ахмет Байтүрсыновтың, Мағжан Жүмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Дула- товтың шығармашылық мүраларының ақталуы жүртшылық ара­сында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды.

«Қайта қүрудың» екінші кезеңі 1989 ж. көктемдегі сайлауға бай­ланысты басталды. Сайлау науқаны кезінде нарықтық экономикаға жэне меншікке көшу үшін, үлттық республикалар мен аймақтардың қүқығын кеңейту үшін белсенді күрес басталды. Демократиялық процестердің даму барысында көрнекті рөл атқарған 1989 ж. наурыз айында өткен KCPO халық депутаттарының I съезі болды. Осы съез­де Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет