Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты



бет24/29
Дата11.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6881
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Африканың шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың шаруашылығымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың халқы?

2. Африканың ұлттық құрамы?

3. Африканың тілдік құрамы?

4. Африканың діни құрамы?

5. Африканың халық тығыздығы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың өнеркәсібін түсіндіру.




Тау-кен өнеркәсібі

ОАР алтын өндіруден 1-ші орынды; Нигер уран, Гвинея боксит, өндіруден 2-ші орынды иеленеді. Змбия мыс өндіру мен әйгілі, Конго мен Ботсвана алмас өндіруден жетекші орында..


Өңдеуші өнеркәсіп

Жергілікті минералды шикізатқа негізделген, Ең күшті дамыған сала-түсті металлургия, Машина жасау тек кейбір елдерде ғана дамыған, Химия өнеркәсібі мұнай кендерінің ашылуымен байланысты қарқынды дамуда.

Жеңіл өнеркәсіп

Тоқыма өнеркәсібінің алатын орны ерекше.

Тамақ өнеркәсібі

Май шығару, ұн тарту, қант және шарап жасау көзге түседі.


3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Африканың ауыл шаруашылығын түсіндіру.


Африканың ауыл шаруашылығы





Мал шаруашылығы

Мұнда д.ж. ірі қараның 14%-ы, қойдың 16%-ы, ешкінің 32%-ы, түйенің 73%-ы шоғырланған. Солтүстік Африкада қой шаруашылығы басым, шөлді аудандарда түйе өсіріледі..

Өсімдік шаруашылығы

Екі бағытта дамуда; бірі-тұтыну, екіншісі-тауарлық бағыт. Тұтыну Тропиктік Африкада басым. Плантацияларда какао, кофе, жержаңғақ, гевея, майлы пальма, шай, сизаль, қант қамысы, темекі, банан, ұзын талшықты мақта, дәм-татымдық дақылдар т.б. өнімдер көптеп өсіріледі. Көп елдері бір дақыл өсіруге маманданған.


4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Африканың көлігін түсіндіру.


Қорытындылау.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың шаруашылығы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Африканың экономикалық байланыстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың сыртқы экономикалық байланыстары, ішкі айырмашылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың экономикалық байланыстарымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың өнеркәсібі?

2. Африканың ауыл шаруашылығы?

3. Африканың көлігі?

4. Африканың туристік обьектілері?

5. Африка елдерінің Қазақстанмен байланысы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың ішкі айырмашылықтарын түсіндіру.


Солтүстік Африка

Жерорта теңізі жағалауында орналасқан елдерді топтастырады. Бидай, арпа, жүгері, ұзын талшықты мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус өнімдері мен құрма пальмасы өсіріледі. Қой мен түйе өсіру кең тараған сала болып табылады. Алжир мен Ливия мұнай мен гаөдың, Марокко фосфориттің орталығы.

Батыс Африка

20-ға жуық ел кіреді. Какао, жержаңғақ, май пальмасы жағағы өсіріледі, тау-кен өнеркәсібі жақсы дамыған.

Орталық Африка

Материктің ортасындағы елдер кіреді. Кофе, какао, шай, темекі, каучук, мақта, жержаңғақ,банан, тропиктік жемістер өсіруге маманданған.

Шығыс Африка

Үнді мұхитын бойлай орналасқан елдер кіреді. Кофе, сизаль, мақта, шай, тері өнімдері, тірі малдарды сыртқа шығарады.

Оңтүстік Африка

Материктің оңтүстігіндегі елдер және Мадагаскар енеді. Тау-кен өнеркәсібі кең қанат жайған.



3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Африканың экспортын түсіндіру.

Африканың экспорты


Өнеркәсіп өнімдері

Нигерия, Ливия, Алжир-мұнайды, Замбия, Заир-мысты, Либерия, Мавритания-темірді, Габон-марганец пен уранды, Марокко-фосфоритті сыртқа шығарады.

Ауыл шаруашылық өнімдері

Египет, Судан, Чад, Мали, Танзания-мақтаны, Эфиопи, Ангола, Руанда, Бурунди, Уганда, Кения-кофені, Кот-д,-Ивуар, Гана, Нигерия-какао бұршағын, Сенегал, Гамбия, Судан-жержаңғақты, Тунис, Марокко-зәйтүн майын, сонымен қатар цитрус өнімдерін, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін экспортқа шығарады.


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Солтүстік Африка елдері?

2. Батыс Африка елдері?

3. Орталық африка елдері?

4. Шығыс Африка елдері?

5. Оңтүстік Африка елдері?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың сыртқы экономикалық байланыстары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________


Сарамандық жұмыс №4
Тақырыбы: Африка елдері.

Мақсаты: Африка елдерін, даму деңгейін, жекелеген аймақтарын анықтау.

Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, африканың саяси картасы т.б.
Жоспары.

1. Африка аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі.


Аймақтары

Ресурс түрлері






2. Африканың жетекші елдерін және оларға тән басты белгілерді анықтау.

3. Африканың әр түрлі аймақтарында орналасқан екі елге (таңдау бойынша) салыстырмалы сипаттама беру.

а) Мемлекеттік құрылымы.

ә) Табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері.

б) Халқының саны мен құрамы.

в) Экономикалық әлеуеті.
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдарының қоныстануы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аустралия және мұхит аралдарының қоныстану мен игерілуі, көлігі, жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Мұхит аралдарымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Солтүстік Африка елдері?

2. Батыс Африка елдері?

3. Орталық африка елдері?

4. Шығыс Африка елдері?

5. Оңтүстік Африка елдері?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Аустралия, Мұхит аралдарының қоныстануын өнеркәсібін түсіндіру.



40-45 мың жыл бұрын

Аустралияға Оңтүстік-Шығыс Азиядан адамдар келген.

1521 ж.

Ф.Магеллан Гуам аралына тоқтаған.

9-10 мың жыл бұрын

Тасмания аралын тайпалар қоныстанған.

ХVІІ ғ.

Испандықтар Мариана аралдарын жаулап алды.


Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
0ca5 -> Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері
0ca5 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет