Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты



бет25/29
Дата11.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6881
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Мұхит аралдарын түсіндіру.


Мұхит аралдары





Аймақтағы тұрмыс деңгейі ең жоғары тұрғындар-Полинезиялықтар. Мұнда ХVІІІ ғ өзінде шаруашылықтың «мұхиттық» түрі қалыптасты.

ХХ ғ. 60-ж. Бастап бостандық ала бастаған шағын елдер өте қатал бәсекелестік жағдайында дамуға біртіндеп мүмкіндік алуда.

Папуастар еуропалықтар келгенге дейін жер өңдеумен айналысқан, әсіресе, ит, тауық, шошқа өсірумен айналысқан.


4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Аустрали, Мұхит аралдарының көлігін түсіндіру.


Қорытындылау.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Аустралия, Мұхит аралдарының қоныстануы.


Сабақ№__________Сыныбы___________Күні____________Тақырыбы'>Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Аустралия Одағы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аустралия Одағының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Аустралия Одағымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Аустралия, Мұхит аралдарының қоныстануы?

2. Аустралия, Мұхит аралдарының игерілуі?

3. Аустралия, Мұхит аралдарының зерттелуі?

4. Аустралия, Мұхит аралдарының отарлануы?

5. Аустралия, Мұхит аралдарының ерекшеліктері?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Аустралия Одағын толық түсіндіру.


Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік жарты шарда, басқа материктер мен жетекші елдерден аса қашық орналасуы, сонымен қатар бір материкті бір ғана мемлекеттің алып жату .



Табиғаты және табиғат ресурстары

Жер шарындағы ең аласа материк. Жерінің 5%-ын таулар, қалған бөлігін жазықтар алып жатыр. Ішкі аудандарын шөлейт пен шөл алып жатыр. Тұщы судың 70%-ға жуығы жерді суару үшін, 10%-ы мал шаруашылығы мен ауылдық елді-мекендердің тұрмыс қажеттілігі үшін, 20%-ы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады. Боксит, қорғасын, мырыш, темір, никель, уран кендерінің қоры өте мол.


Халқы

Халқы 19,7 млн адам. Байырғы халқы аборигендер 1%-ды ғана құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 2 адамнан келеді.. Халықтың 86%-ы қалаларда тұрады.


Өнеркәсібі

Ең ежелгі, жетекші саласы-тау-кен өнеркәсібі, ол елдегі өнеркәсіп өнімінің 1/3-інен артығын өндіреді. Басты орталығы-Брокен-Хилл қаласы. Порт-Пириде қорғасын, Рисдонда мырыш балқыту зауыттары жұмыс істейді. Темір кені Батыс Аустралияда шоғырланған. Уранның 1/3-і шоғырланған. Көмір өндіретін негізгі кен орындары Ньюкасл, Сидней, Порт-Кембла қалалары маңында. Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері: тау-кен өндірісі, тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар; көлік пен әскери техника; ауыл шаруашылығы машиналары, металл кесетін станоктар мен өндірістік роботтар; әр түрлі құрал-саймандар.



Ауыл шаруашылығы

Жүн өндіруден д.ж. 1-ші орын алады. Аустралия Альпісінің оңтүстік-шығыс тау алды және елдің оңтүстік-батыс бөлігінде бидай өсіріледі. Аустралия үшін ең тиімді сала-жайылымдық мал шаруашылығы, әсіресе қой өсіру. Қойдың жартысына жығы Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штаттарында бағылады. Ірі қараның саны 26 млн-ға жық.


Көлігі

Сыртқы жүк айналымы теңіз жолы арқылы, ішкі жүк айналымы автокөлік арқылы жүзеге асады. 70-тен астам сауда порттары, 43 халықаралық әуе компаниялары бар.

Ішкі айырмашылықтары

Игерілу дәрежесі мен аумақтық ерекшелігіне қарай үш ауданға бөлінеді: 1) ерте игеріліп, жоғары дамыған аудан; 2) жаңа игерілген аудан; 3) нашар игерілген аудан.


Қорытындылау.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Аустралия Одағының экономикалық-географииялық жағдайы?

2. Аустралия Одағының халқы?

3. Аустралия Одағының өнеркәсібі?

4. Аустралия Одағының ауыл шаруашылығы?

5. Аустралия Одағының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Аустралия Одағы.


Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сарамандық жұмыс №5
Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдары елдері.

Мақсаты: Аустралия және мұхит аралдары елдерін, даму деңгейін, жекелеген аймақтарын анықтау.

Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, д.ж. саяси картасы т.б.
Жоспары.

1. Аустралия аумағындағы табиғи ресурстардың негізгі түрлері.


Ресурс түрлері

Таралу аймағы







Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
0ca5 -> Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері
0ca5 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет