Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет13/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60

Жоңғарлардың шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық жэне саяси өміріне үзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақ тарихына алапат ауыр жылдар болып енді. Қазақтар мал- мүлкі мен адамдарынан ғана емес, сонымен қоса Жетісудағы шүрайлы жайылымдарынан да уақытша айырылып қалды. Көшіп- қонудың ғасырлар бойы қалыптасқан жолдары бүзылды. Сырдария мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтарына үлкен нүқсан келтірілді. Жоңғарлардың Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалық жэне мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда жэне қолөнер орталықтарынан ажырап қалды. Қазақ жүздерінің арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар әлсіреді.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қаты- настарына да теріс әсерін тигізді. Елдің қүлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар жэне т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жүмыс істеуге мэжбүр болды.

Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоң- ғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727—1745 жж.) билік басына келуі мүндай шабуылдың қаупін күшейтті.

Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қаты- настары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары жэне башқүрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағ- дайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет — қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру жэне елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті түрды. Олардың бүған өз күштерімен жете алмайтындығына көз- дері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші — Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси жэне экономикалық байланыста- рын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген үйғарым қалыптасты.

7-тақырып ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

шшшшшштшшшшшшшшшг

  • Кіші және Opma жүз билеуші топтарының Peceit бодандыгын цабылдауы және оның салдары

  • Абылай ханның цазац хандыгын ныгайту жолындагы цызметі

  • Кіші жүз цазацтарыныц патша үкшетінің отарлау шараларына царсы күресі

1. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары

Қазақ халқының тарихында XVIII ғасырдың басы aca бір ауыр кезең болды. Тэуке хан 1718 ж. қайтыс болған соң қазақ жүздері арасындағы саяси жэне шаруашылық байланыстар әлсіреп, билеуші топтар арасындағы алауыздықтар барған сайын үдей түсті. Тэуке хан түсында бір орталыққа бағынған Қазақ хандығы саяси бытыраңқылыққа үшырады. Белгілі орыс тарихшысы — ғалым А.И.Левшин өзінің "Описание киргиз-казачьих или киргиз- кайсацких орд и степей" деген еңбегінде Қазақ хандығын Тэуке хан билеген кезеңді былай сипаттайды: «Тәукенің атын атасақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы, Драконты — сол адам. Тэуке ала ауыз болып, қырғынға бөккен елді сабаға түсіріп, py мен рудың арасындағы та- лай жылғы қантөгісті тоқтатты, ақылы мен эділдігінің арқасында жүрттың бэрін өзіне мойынсүндыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті дүшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубәсіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты».

Тәукеден кейін Қазақ хандығы ic жүзінде жеке-жеке хандық- тарға бөлінді. Жүздердің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал үлыстарды басқарып отырған сүлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс ¥лы жүздің (1720—1740 жж.), Қайып (1716— 1719 жж.), сосын Сәмеке (1719—1734 жж.) Орта жүздің, Әбілхайыр (1718—1748 жж.) Кіші жүздің хандары болды. Тәукенің тағына отырған оның баласы Болаттың (1718—1726 жж.) ¥лы хан деген атағы ғана болды. Саяси түтастығынан айырылған мемлекеттің эко- номикасы да әлсірей бастады. Жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар жэне сыртқы сауда-саттық үзіліп қалды. Қолөнер мен сауданың орталығы болған Оңтүстік Қазақстандағы қалалар қүлдырады. Көшпелі жэне жартылай көшпелі аймақтармен оты- рық-шы халықтың арасындағы байланыстың әлсіреуі халықтың элеуметтік, мэдени, психологиялық, демографиялық жағдайын төмендетті.

Осы кезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеленісе түсті. Жоңғар шапқыншылығы күшейді. 1690—1697 жж. болған Қытай—Жоңғар соғысы кезінде ойраттар (жоңғарлар) біраз жерінен, адамынан (50 мың), малынан айырылды. Қытайға қарсы күресуге күші жетпеген Жоңғар мемлекеті соғыста айырылған байлықтарын (адам, жер, мал) Қазақ хандығының есебінен қайтаруға тыры- сты. Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз қазақтарының көш-қоныс жерлеріне жақындады. ¥лы жүз бен Орта жүз қазақтарының жеріне Орта Азия хандықтары, Еділ бойындағы қалмақтар, башқүрттар мен Сібір казактары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.

XVIII ғасырдың 20- жылдарының соңы мен 30- жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мэжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бүл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда біріксе ғана біртүтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шама- сы жететінін көрсетті. Алайда, ¥лы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді. ¥лы хандықтан үміткер Кіші жүзден — Әбілқайыр, Орта жүзден — Сәмеке өздерін елеусіз қалдырды деп, Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қалды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиын-қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мэжбүр етті.

1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петер- бургке Сейітқүл Қүндағүлы мен Қүтлымбет Қоштайүлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Түтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығармау ке- рек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілқайыр хан Орта жэне Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.

Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей қүрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипло- матиялық қызметінің өрісін едэуір кеңейтті. Бүл жолы да Әбілқайыр ханның елшілігіне барынша кұрмет көрсетілді. Оның Қүтлымбет Қоштайүлы бастаған 7 адамнан түратын елшілері қүрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды. Әбілқайырдың өтінішін қабыл етудің себебі орыс патшасы I Петрдің XVIII ғ. басында Қа- зақ хандығы туралы айтылған пікірінен белгілі. Ол: «...барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дэл сол орда- ның (Қазақ хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген еді.

Осы мақсатта ол қазақ жеріне 1713—1720 жж. бірнеше экс- педициялар жібереді. Алғашқысын 1713 ж. князь Александр Бекович-Черкасский басқарды. 1715 ж. И.Д. Бухгольц экспедиция- сы жасақталды. I Петрдің И.Д. Бухгольцке арнаулы жарлығында оған Тобылға бару жэне онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару, онда қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына op- наластыратын жерге жету міндеттелді. Осы әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан жэне төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Деректерге қарағанда, 70-ке жуық эртүрлі зеңбіректер алынған. И.Д.Бухгольцтің қырдағы жүрісінен ойраттар қауіптенбеу үшін қонтайшы Цеван-Рабтанға алдын ала Сібір губернаторының арнаулы өкілдері жіберілді. 1715 жылы 1 қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағасына жетіп, сол жерде бекініс салды. 1716 ж. Омбы бекінісінің іргесі қаланады. 1717 ж. пол­ковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің іргесін одан эрі бекітеді, 1718 ж. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін салады, ал В.Чередов басқарған екінші отряд Семей бекінісінің іргесін қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске қүятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салады. Ресей мемлекеті үшін Қазақ хандығы «Азияға кіретін кілт пен қақпа» ғана емес, ол бірнеше мың халықтың бейбіт жолмен империяға қосылуы, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасында тыныштықтың орнауы еді. Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқүрттарға күш көрсетуге немесе элсіретуге мүмкіндік аламыз жэне Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.

1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі қүжатқа қол қойды. Бүл қүжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар патшаға берік болса жэне де салық төлеп түруға уэде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды ренжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз аза- маттарындай қорғаса, төртіншіден, түтқынға түскен орыс азаматта- рын қайтарып, башқүрт жэне де қалмақтармен тату-тэтті боламыз деп қазақтар уэде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. Ал қазақтар, империяның боданы болған соң, өз жерлерінде Ресей бодандары- на ешқандай қиыншылық жасамай, ренжітпей, тату-тэтті болуы қажет.

Осыграмотанықазақтарғажеткізуүшін 1731 жылдыңЗІ сэуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмэші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді. Патша үкіметі А.И.Тевкелевті қырғыз-қайсақ ордасын Ресей бодандығына келтірудегі міндеттері белгіленген Мемлекеттік сыртқы істер алқасының 12 тармақтан түратын нүсқауымен жабдықтады. Бүл қүжат дипломатиялық мис­сия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды. Онда Ресей елшісіне тек Кіші жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ хандығын түгел бодандыққа өткізу міндеті қойылған еді. Нүсқауда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңірегінде алауыздықтар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нүсқаулар таңдау мүмкіндігі болды.

Империяның ішкі губернияларына неғүрлым жақын орналасқан Кіші жүзге дипломат жібергенде үкіметте ол жөнінде жеткілікті ақпарат болған жоқ, тек Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сыртқы істер алқасының кеңсесінде бэрі алдын ала алын- ған, шолақ сипаттағы мәлімет болды. А.И.Тевкелев дипломатиялық тэжірибені қазақ жерінде жүріп жинақтады. Нүсқауда оған қырғыз- қайсақтар туралы мәліметті жазып алу, елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың үнайтын-үнамайтынын, оның көршілерінің кімдер екенін, өздері зеңбіректер қүя білетін-білмейтінін зерттеу міндеті жүктелді. Осы нүсқау негізінде A. И.Тевкелев күнделік- журнал жүргізген.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет