Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет12/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60

1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс үрыста қазақтар жеңіліп қалды. Оған себеп: Әбілқайыр жэне Қайып сүлтандар өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осы жылы жоңғар әскерлері Түркістан маңында Бөген, Шаян жэне Арыс өзендерінің бойында қазақтарды тағы да қырғынға үшыратқан.

1715—1722 жж. жоңғарлардың негізгі әскери күші Цин импе- риясы әскерлеріне қарсы соғысып жатты. 1722 ж. Цин императо­ры Кансидің өлімінен соң Цеван Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына қарсы бағыштады. 1723 жылы қазақ-жоңғар қарым- қатынасы шиеленісті. Қытай мемлекетімен бейбіт келісім-шартқа отырғаннан кейін жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы соғыс ашуды шешті.

Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне түтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның үлы Қалдан Церен Балқашқа одан эрі қарай Қаратау өңіріне, Қүлан ба­тур Алтайға жэне Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері I Іұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты үлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші үлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван- Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона-Даба атқарды. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мэжбүр болды.

Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен ¥лы жэне Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бүхара аумағына өтті. Ал жоңғарлар қазақ ауылдарын, қалаларын басып алды, халқын қырып, түтқынға айдады. Әсіресе, Шона-Дабаның бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Оның әскері 5000 қазақ жанүясын түтқындап, 1000 жанүяны түтқынға айдады. Жоңғарлар Қазақ хандығы аумағының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жер- де қазақ жері мен жоңғарлар үлысының шекарасы ¥лытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бүл кезең «Ақтабан шүбырынды, Алқакөл сүлама» деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бүл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Са­уран айналған» деген атпен эйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Са­уран қаласын айнала көшкендіктен, бүл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» эні халық бүқарасының сол жылдардағы мүң-зарын бейнелейді.

Бүл жылдардың өзінде жау халықтың рухын сындыра алмады. Көп жерлерде халық жауға батыл қарсылық көрсетті. Ташкенттің 300 мың түрғындары қаланы үш ай бойы үстап түрды. Халық жоңғарларға қарсы күресте ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сайрам, Түркістан қалаларының түрғындары да жауға табанды қарсы түрды. Осындай қарсылықтарды үйымдастырушы Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Тайлақ, Жәнібек, Малайсары жэне т.б. халық батырла- ры болды. Түркістан қорғанысына Қабанбай мен Айшыбек батыр қатысты. Қоршауда қалған Сайрам қаласын басып ала алмаған жоңғарлар Сайрамсу мен Тубалақ өзендерінің ағысын өзгертуге шешім қабылдайды. Бүл өзендер қаланы сумен қамтамасыз еткендіктен қала түрғындары сусыз қалады. Осыдан кейін ғана әбден әлсіреген халық қаланы жауға беруге мэжбүр болады. Тек қалаларда емес, тау, дала өңірлерінде де жау халықтың үйымдасқан қарсылығына тап болды. Қожаберген жыраудың айтуы бойынша қазақтар шегінуі барысында да үлкен қарсылық көрсеткен.

Осы жылдары Қазақ хандығының батысындағы қалмақтардың да қазақ жеріне шабуылы жиіледі. Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ жасақтары бүл бағытта да жауға үйымдасқан тойтарыс берді. Осынау қиын-қыстау кезде халық сүлтандар мен py басы- ларына үміт артпай, өз тарапынан да қарсылық үйымдастыра ба­стады. Қазақ жасақтарының басында халық батырлары түрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рөлі зор болды. Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жылдан ба- сталды. Бүл жылы негізгі әскери қақтығыстар Орталық жэне Ба­тыс Қазақстан аумағында болды. Бүл қақтығыстарда Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі, қарақалпақтар мойындады. Бүл жылда­ры Әбілқайыр хан соғыс даласында асқан батырлық танытты. 1725 жылы Әбілқайырдың қол астындағы сарбаздардың саны 50000-ға жетіп, қазақтар жаудың басып алған жерлерін азат етуді бастады. Осы жылы басқыншыларға қарсы алғаш рет үлкен тойтарыс берілді. Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам төңірегін жаудан азат етуде қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаратау тауларының Теректі алқабындағы Садырбүлақ өзенінің төңірегіндегі қалмақтардың қолын Үлкентүр тауына қуып тығып, жойып жіберді.

Мэшүр Жүсіп Көпейдің жазбаларында 1725 жылы Бүхара жақтан қайтып келе жатқан Орта жүз қазақтары Шақшақүлы Жәнібектің қолбасшылығымен Шүбаркүл көлінің маңында жоңғарларды талқандады делінеді. Шәкәрім Қүдайбердіүлы да бүны растайды. Осы жеңістен кейін Ақтасты өзені маңында кездескен қазақ сар­баздары жаудың тас-талқанын шығарды. Бүл шайқаста Әбілқайыр ханның, батырлар тама Есет, тама Жантай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай қолдары бірлесіп жауға соққы берді. Шайқас болған жер «Қалмақ қырылған» деген атқа ие болды. Одан кейін қазақтар Сырдарияның төменгі ағысы ғана емес, Мүғалжар тауларының бір бөлігін жоңғарлардан азат етті.

1726—27 жылдары сүлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азат етуде қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. Осы бағытта Кіші жүз ханы Әбілқайыр белсенділік танытты. 1726 жылы Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бүл жиынға үш жүздің ханда­ры — Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс сүлтандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы біріккен майдан қүру керек деп шешті. Сонымен қатар қаралған маңызды мәселенің бірі — бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау тура­лы мәселе болды. Ордабасына Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды. Қазақ қолының сардарбегі болып атақты батырлардың ішінен Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Жиналыста елімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында қазақ халқы бас біріктіріп, бар күшті жоңғарларға қарсы жүмылдыруға шешім қабылдады. А.И.Левшиннің айтуынша дүшпанға қарсы бірігу басталды.

1727 жылдың жаз айларында үш жүздің біріккен қолы әскери дайындықтан өтіп, қару-жарақты жетілдірумен, дайындаумен айналысты. Әбілқайыр Бүхарадан ат, қару-жарақ сатып алып, әскерді соғыс өнеріне жан-жақты дайындайтын батырларды өзі тағайындаған. Сонымен бірге әскери барлау ісіне үлкен мэн берілді. Күзде Сарыарқа даласындағы Бүланты өзенінің маңында жауға үл- кен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бүл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Бүл жеңіс қазақтардың рухын көтеріп, болашақ күреске жігерлендірді. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбүрыс жасауға мүмкіндік берді. Әбілқайыр хан жэне Бөгенбай батырдың басшылығымен Қаракерей Қабанбай, ошақты Саңырық, тама Тайлақ, Шақшақ Жәнібек, тама Есет, Малайсары, тарақты Байғазы қолдары асқан ерлік көрсетті. Осы шайқастағы қазақтардың ерлігі туралы мәліметтер М.Тынышпаевтың, А.И.Левшиннің, А.Диваевтың еңбектерінде айтылады. Үмбетай, Ақтамберді, Тэттіқара, Бүқар, Көтеш, тағы басқа жыраулардың жырларында шайқаста ерлік көрсеткен батырлардың іс-қимылдары жан-жақты сипатталған.

Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тари­хы үшін маңызы зор шайқастардың бірі — Аңырақай шайқасы. Бүл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақы- рымға созылды. Бүл шайқастың болған орны М.Тынышпаевтың, А.Диваевтың зерттеулерінде нақты сипатталған. 1997 жылы Қа- зақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаев пен тарихшы М.Қозыбаев бастағаи ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақты зерт- теді. Экспедиция барысында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, географиялық жер атауларына да үлкен мэн берілді. Балқаш көлінің оңтүстігімен Алакөлге бет алғанда Сүнқайтты (Сүмқайтты) өзені, қазіргі Жамбыл облысы Тараз қаласының шығысында Әбілқайыр сайы бар. Ал, халық ауыз әдебиетінде бүл жерде жоңғарлар аңырай жеңілген деген мәлімет бар. Археологиялық зерттеулер барысында сарбаздардың қару-жарағы, ep саймандары көптеп табылды.

1730 жылдың көктемінде қазақ қолдары Мойынқүм мен Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайты, Шу өзендерінен Хантау, Аңырақай тауларына қарай жылжыды. Осы кезеңде қазақ әскерінің жалпы саны 29 мың болды. Бүқар жыраудың «Қабанбай батыр» жырын- да мыңдық басында түрған 29 батырдың есімдері, рулары толық берілген. Олар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Көкжал Барақ, Керей Жәнібек, Шанышқылы Бердіқожа, Керей Жанатай ep, Тоғас Қосай, Тума Шағалақ, Мүрын Боранбай жэне т.б. Мыңдықтар қүрамындағы жүздіктердің басында да батырлар түрды. Қазақ әскерінің сол қанатын Әбілмәмбет хан, Сәмеке сүлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердің оң қанатын Төле би, Саңырық, Қойгелді, Қосын Шінет, Мәмбет, Сәңкібай, Шойбек батырлар басқарды. Әскердің орталық тобын Әбілқайыр, Әйтеке би, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлар басқарды. Шайқас барысында жалпы қолбасшылықты Әбілқайыр жүргізді. Жоңғарлар да бүл шайқасқа жан-жақты дайындалған болатын. Олардың әскерінің саны да 28-30 мың болған. Шайқас жекпе-жектен басталады. Жоңғар жағынан та- лантты әскери қолбасшы, атақты күрескер Шарыш батыр шыққан. Қазақтар жағынан Сабалақ батыр шығады. Жекпе-жек қарсаңында Сабалақ Абылай атасының аруағына сиынып, атын үран еткен. Жекпе-жекте Сабалақ батыр жеңіске жетеді. Сабалақтың жеңісі қазақ сарбаздарының рухын көтеріп, жеңіске жетеледі. Осы тари­хи оқиғадан кейін Сабалақ батыр (шын аты Әбілмансүр) Абылай есіміне ие болды.

Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Қүдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты. Батырлар өзіндік шешім қабылдай алатын, соғыс ісін жан-жақты білетін, әскери стратегия, тактикамен таныс тәжірибелі ерлер еді. Қазыбек, Әйтеке, Төле билер бастаған қазақ билерінің жалынды үлағаттары халықтың рухын көтеріп, бірлігін нығайтты. Жырларының негізгі тақырыбын қазақ батырларының жоңғарлармен соғыстағы ерлігіне арнаған Бүқар, Ақтамберді, Үмбетай жыраулар өздері де бүл соғысқа қатысқан. Бүл жырау- лардың еңбектерінде соғыс барысындағы көптеген іс-қимылдар жан-жақты сипатталған. Жыраулардың Отан қорғау тақырыбына арналған жырлары қазақ сарбаздарын жігерлендіріп, жеңіс күнін жақындата түсті.

Өкінішке орай, Аңырақай жеңісі жалғасын таппады. Шайқастан кейін қазақ билеушілерінің арасында жік туды. Өйткені, осы кезде Болат хан қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін талас ба- сталды. Тәукенің баласы Үлкен хан Болат өлгеннен кейін оның op- нын Орта жүзден Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр хан аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Болаттың үлы Әбілмәмбет болды. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін үлкен хандықтан қүр қалдырды деп есептеп, майдан даласын тастап, кетіп қалды. Нәтижесінде Әбілмәмбет сүлтан Түркістанға көшсе, Әбілқайыр кіші жүз аумағына қайтады. Сөйтіп, қазақ жерлерін жоңғарлардан толық азат ету ісіне оңалмас нүқсан келді. Қазақтардың Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан жоңғарлар тарапынан шабуыл тыйылмады.

1723—1730 жылдардағы Үлы Отан соғысы жылдары Шәкәрім Қүдайбердіүлының жазбаларында тек «Ақтабан шүбырынды, Алқакөл сүлама» жылдарының өзінде қазақ халқының санының үштен екісі кемігені туралы мәлімет бар. Демограф М.Тэтімовтің санағы бойынша 1723 жылы қазақ халқының саны 3 млн 330 мың болса, 1725 жылы 2 млн 222 мыңға азайған.

1730- жылғы жеңістің тарихи маңызы зор болды. Қазақ халқы өз мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап, басып кірген жаудың тас- талқанын шығарып жеңіске жетті. Жоңғарлармен соғыста ерлік көрсеткен батырлардың, билердің есімдерін үрпақтары биікке көтеріп, батырлығын мақтаныш түтады. Ел қорғаған батырлар ерлігін дастан ететін жырлар жазылды. Атап айтсақ, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Қойгелді батыр», «Өтеген батыр» тағы басқа. Олардың аты ұранға айналып, ел ардақтайтын аруақты жандар дәрежесіне көтерілді. Бүгінгі таңда олардың атымен аталатын Қазақстанның эр қаласында көшелер, мекемелер бар. 1723—30 жылдардағы ¥лы Отан соғысы қаһар- мандарының ерлігі жас үрпаққа үлгі болып қалмақ.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет