Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет11/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60

Тэуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғүрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, aca дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бүрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын қүрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тэуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» экімшілік, қылмысты істер, азаматтық қүқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар тура­лы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық қүқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Қазақша «жарғы» эділдік деген үғымды білдіреді. «Жеті жарғы» — жеті әдеттік қүқықтық жүйеден түратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, қүн дауы, бала тәрбиесі жэне неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, үлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дэуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншағы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жаз- балары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жап- пас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820- жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нүсқасы (34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бүл нүсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бүл заңдар жинағының толық нүсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, py ба- сыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бүл жиындарда мемлекеттің сыртқы жэне ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру қүқықтары болды. Сонымен бірге қару үстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы эр рудың өз таңбасы болды. Бүл таңбалар қүрылтайда мемлекеттік рэміз дәрежесінде бекітілді.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай эр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, эр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.

«Жеті жарғыда» қылмысты іс-қүқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, үрлық істеу жэне тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай эртүрлі жазаға кесілген. Бүл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны қүн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Қүн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер эйелі күйеуін өлтірсе жэне күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер эйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жүбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда жэне «қүдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға acy жэне тас лақтыру әрекеттерін қолдану.

Жазалаудың ең көп таралған түрі — қүн төлеу болған. Қылмыскердің жэне өлген адамның әлеуметтік жағдайына байла­нысты қүн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ep адамның қүны 1000 қой болса, әйел адамның қүны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса қүн мөлшері жеті ece өскен, яғнн сүлтан немесе қожа түқымынан өлтірілгендерге жеті адамның қүнын төлеген. «Сүлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жүмсағаны үшін 27 мал төленетін бол­ды. Қүлдың қүны бүркіттің немесе тазы иттің қүнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде қүн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ — 100 қой, шынашақ 20 қой болған. ¥рлық жасалған кезде үрланған заттың қүны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, үрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бүл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген эр әлеуметтік таптың қүқықтары заңдастырылғанын көреміз.

«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен қүн төлеуден басқа жа- залар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жүмсаған үл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Қүдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куэлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.

Мал мен мүлікті үрлау да ауыр қылмыс болып табылды. Егер үрыны үрлық үстінде өлтірсе, онда қүн төленбейтін болған. ¥стап алғанүрыныдүресоғыпжазалауға,сотсыз-ақрүқсатетілген. Сөйтіп, ұры қатаң қылмыс жазасына тартылды, үрлап алғанын қайтаруға жэне «тоғыз» айыбын тартуға міндетті болды, яғни үрланған бір мал үшін тоғыз мал беруге тиіс еді.

Соттау қүқығы тек ханның, билер мен рубасыларының қолында болған. Қылмысты істі шешкені үшін билерге ақы төленген. Атап айтқанда, өтелетін есенің оннан бір бөлігі тиесілі болған. Сүлтандар қылмысты болған жағдайда, олардың істерін тек хан қарап, жазалаған. Қылмыстық іске 13 жастан бастап тартылған. Eci дүрыс емес адамдар жауапқа тартылмаған.

«Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін ішкі қырқыстар азайып, қоғамда біршама тыныштық орнады. Тэуке хан мемлекеттің ішкі жағдайын нығайту барысында басқа да шараларды жүзеге асыр- ды. Атап айтқанда, кіші жүздің аз жеті руын бір тайпаға, орта жүздің уақтары мен керейлерін бір уақ-керей бірлестігіне біріктірді. Сөйтсе де, көшпелі қоғам салты мен оның геосаяси жағдайы мем­лекет бірлігіне қайшы келді. Тэуке ханның билік қүрған соңғы жылдарының өзінде басқа хандар мен сүлтандардың оқшаулануға үмтылысы байқалды.

Тэуке ханның сыртқы саясаты көрші елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда-саттық қарым- қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат бол­ды. Тэуке хан 1687 жылы Бүхар ханы Субханқүлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігінде қалдырды. Бүхар хандығымен сауданы дамытуға күш салды. Нәтижесінде Қазақ мемлекеті мен Бүхар хандығы арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, Бүхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіншілік алған. Қазақ жерінде Бүхар көпестерін тонауға қарсы Тэуке хан ap- найы жарлық шығарып, ендігі жерде тонаушылар қатаң жазаланып отыратын болған. Бүхар басшыларының тарапынан жоңғарларға қарсы соғыста қазақтарға көмек көрсетілмеді. Бүл мемлекетпен бай­ланыс тек сауда қатынастарының жандануымен шектелді.

Орыс деректерінде Тәукені тек қазақтардың ғана емес, қарақалпақ- тардың да ханы деп жазады. Олар жыл сайын қазақтарға салық төлеп, өз одақтастарымен бірігіп соғыс қимылдарына қатысып отырған. Бүл туралы орыс деректерінде былай делінген: «Арыстың оң жағасындағы қүмды жол арқылы Ақсу тастарына дейін жарты күн, осы тастар арқылы қарақалпақтарға жол түседі... Түркістаннан Сыр өзенінің төменгі ағысы арқылы үш күндік жолда Үзкент қаласы, сол қалаға 1683 жылы Тэуке хан қарақалпақтардан салық жинауға түсті. Олар егін егіп, қазақтармен қатынаста өмір сүреді. Үзкенттен төмен

Сырдың екі жағалауында да қарақалпақтар көшіп жүреді. Қалалары көп емес. Әскери істері қазақтармен ортақ. Олардың билеушілері Табүршық сүлтан». Қарақалпақтар Тэуке ханға бағынышты болған, оларды ол Сасық би арқылы басқарған.

Тэуке ханға қырғыздардың басым бөлігі де бағынышты болды. Қырғыздар да қазақтардың жоңғарларға қарсы әскери қимылдарына белсене қатысып отырған. Ш.Уәлиханов өзінің «Қырғыздар туралы жазбалар» деген еңбегінде: «Ал енді Есімнің немересі, Жэңгірдің баласы Тэуке қырғыздардың биі ретінде басқарып отырған (қырғыздардың Тиес деген биі соған бағынған). Бүкіл рудың билеушілері есебінде Тэуке мен Тиестің аты Тәуке-Тиес деп бірге аталыпты». Шоқанның бүл еңбегінде қырғыз елінің Тэуке ханға бағынышты болғаны сипатталады.

Тэуке хан билік қүрған жылдары Ресеймен қарым-қатынас жан- данды. Осы жылдары шекара аудандарындағы орыс бекіністері мен қазақ ауылдары арасындағы қақтығыс шиеленіседі. Осындай келеңсіз эрекеттерді бейбіт жолмен шешу үшін Тэуке хан 1687 жылы Тобыл қаласына Тэшім батыр бастаған елшілік жібереді. Бүл елшілік сауда қатынастарын жандандыруды да мақсат етеді. Сөйтіп, Тэуке хан Ресеймен дипломатиялық жэне сауда байланыстарын op- натты. 1686—1693 жж. аралығында Тэуке хан Ресейге бес елшілік жібереді. 1694 жылы хан ордасында орыс елшілері Скибин мен Трощинді қабылдаған. Сөйтсе де, орыс-қазақ қарым-қатынастары 17- ғасырдың соңы мен 18- ғасырдың басында барынша шиеленіседі. Өйткені осы жылдары Ресей мен Жоңғар мемлекеттері жақындасады. Қазақ мемлекетінің күшейгенін байқаған орыстар жоңғарлармен жақындасып, оларды қазақтарға қарсы қою саясатын жүргізеді.

Тэуке хан билік қүрған жылдары қазақ мемлекеті мен жоңғарлар арасындағы қарым-қатынас түрақсыз болды. Тек 1653—1670 жыл- дар аралығында жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы біршама тыйылды. Өйткені 1653 жылы Жонғар хандығының негізін салған Батыр қонтайшы қайтыс болғаннан кейін, оның мүрагерлері таққа таласумен болды. 1670 жылы билікке келген Ғалдан-Бошок- ту қонтайшының түсында оңтүстік Қазақстанға шапқыншылықтар жиіледі. Ол 1681 жылы Шудан өтіп, Сайрам қаласын басып алуға әрекет жасады. 1684 жылғы жоңғарлардың Сайрамға шабуылы нәтижелі болды. Жоңғар хандығының аумағына қытайлар тарапы- нан шапқыншылық басталғандықтан олар Сайрамнан бас тартты. Қайтарында жоңғарлар қаланы тонап, қала халқының басым бөлігін түтқынға айдап әкетті.

1697—1727 жылдар аралығында жонғарлар мемлекетін басқар- ған Цеван-Рабтан түсында қазақ-жоңғар қарым-қатынастары барын­ша шиеленісті. Осыған байланысты 1710 жылы Қарақүмда Тэуке ханның бастамасымен қазақ жүздерінің біріккен жиналысы болды. Жиналыс нәтижесінде қазақтар жоңғарларға қарсылық көрсетуге шешім қабылданды. 1713—1714, 1717 жылдардағы жоңғарлардың шапқыншылықтары қазақтар үшін ауыр болды. Осы қиын жыл­дары Тэуке ханның қолбасшылық, реформаторлық, батырлық қасиеттері айқын көрінді. Тэуке хан Шыңғыс хан қүрған әскери басқару жүйесін қайта жаңғыртты. Әскерді қатаң басқаруға үлкен мэн берілді. Әскерде басшылық ету онбасы, жүзбасы, мыңбасы бо­лып тағайындалды. Мыңбасыны Тэуке ханның үсынысымен Билер кеңесі aca ерлік көрсеткен батырлардан тағайындады. Бас қолбасшы Тэуке ханның өзі болды. Әскер саны соғыс жылдарында 80 мыңға жеткенімен, бейбіт кезеңде хан ордасында түрақты сарбаздардың саны 1000-нан аспады. Бүл сарбаздар ханның қауіпсіздігін қор- ғады.

Соғыс жылдары әскерді қару-жарақпен, көлікпен эр py басылары қамтамасыз етіп отырған. Бүл мәселе де Тэуке қабылдаған тэртіп негізінде жүзеге асырылған. Жауынгерлердің алдын ала соғыс өнерінің түр-түрінен дайындықтан өтуі хан жарлығы негізінде міндетті болған. Бүл әскерлердің соғысу қабілетін күшейткен. Со­нымен бірге хан жарлығымен шекара аудандарында эр 5—7 шақы- рым аралықта әскери мүнаралар түрғызылды. Жоңғарлар шабуылы басталған сәтте мүнаралардағы түрақты жауынгерлер от жағып, келесі мүнараға жау шабуылы басталғаны туралы хабар беріп отыр- ды. Бүл стратегиялық тактика негізінде жау шабуылын 100 шақырым жерден көріп, үтымды қарсылық алдын ала үйымдастырылды.

Қорыта келгенде, Тэуке хан өзі билік еткен жылдары ішкі жэне сыртқы саясатты сәтті жүргізді. Ол XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. ба­сында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттей алды. Бүл кез­де Қазақ хандығы біртүтас мемлекет болды. Қазақ хандығында тэртіп сақтау жэне мемлекеттік қүрылыстың негізгі принциптерін анықтаған «Жеті жарғы» заңдар жинағы Тэуке түсында жасалды. Тэуке хан дипломат-мәмілегер, айлакер қолбасшы, әдеттік қүқық жүйесінің реформаторы жэне қазақ үлтының бірлігі мен жерінің түтастығын сақтауға жан аямай күш салған ipi мемлекеттік түлға ретінде танылды. Тэуке ханның күшті мемлекет қүрғаны туралы А.Левшин, Е.Бекмаханов т.б. көрнекті тарихшылар жазды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамында интеграциялық сана күшейіп, хан билігі нығайды. Үш жүздің қүрамына 112 py кіріп, қазақ халқының саны 2—3 мнллнон адамға жетті.

3. Жонғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі



XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тэуке хан өзара тартыстарды уақытша тый- ып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сүлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп үзамай бірлікті бүзды. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты қүбылыстар етек алды: көшпелі үжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бүл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан — Ресей мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың, оңтүстіктен — Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп — Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта жэне жоғарғы сала­лары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошо- уттар мекендеді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы аумағына шапқыншылықты жиілетті. Со­нымен бірге жоңғарлар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет